1-Тапсырма.Мәтінді оқып шығыңыз
Мәтін
«Кітап – білім бұлағы» немесе «Кітап – ізгілік пен руханилық айнасы» деп жатамыз. Ал сол инемен құдық қазғандай болатын білім бұлағының негізгі мекені – кітапхана. Кітапхана – білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда десек, артық айтқандық емес. Әлемдегі ең танымал әрі ең үлкен кітапханалар туралы әңгімелейтін болсақ, Конгресс кітапханасы. Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттары Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен. Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан астам сурет бар. Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон.
А). Мәтіндегі 3 детальді ақпаратты анықтап жазыңыз
Ә) Мәтіннің көтерілген басты мәселесін жазыңыз
Б) Мәтін бойынша маңызды деп санайтын 2 күрделі сұрақ құраңыз.
Г) Мәтінге қатысты 3 сөйлеммен ой-тұжырымыңызды жазыңыз.
____________________________________________________________
ПЖ СРОЧНО!!!!
ДАЮ МНОГО БАЛЛОВ!!!!!!!
Answers & Comments
Ответ:
А) кітап , кітапхана, Конгресс кітапханасы
Ә) Мәтіндегі көтерілген мәселе : Әлемдегі ең танымал әрі ірі кітапханасы жайлы баяндалуы. Және ондағы кітаптар туралы.
Б) 1.Солтүстік Америкада кездесетін қандай кітаптар жинағын білесің?
2. Конгресс кітапханашысы қандай болуы керек деп ойлайсың?
Г) Кітап - білім бұлағы. Әлемде қаншама кітаптар мен кітапханалар бар. Әлемдегі ең үлкен кітапхана ол - Конгресс кітапханасы. Онда көптеген кітап түрлері бар, сирек кездесетін кітаптар т.б көптеген.