1. «Теле» түбірінен жасалған жаңа атауларды тап:
А. Тележурналист, телестанция, телескоп, телеком
В. Телефон, телекомп
С. Теледидар, телескоп
2. Жалпы қолданыста бар түркі тілдеріне тән сөз:
А.тәңір
В.дархан
С.үстел
3.Тиісті әдебиетте көрсетілген қағида, ережелерді сақтамау қалай аталады?
А.жүйе
В.нормадан ауытқу
С.стиль
4.Сөзді дұрыс қолданудың негізгі арқауы:
А.Әдеби тілдің нормасы;
В.Ауызша тілдің нормасы;
С.Тілдік норма
5.Бас сөзіне жақын сөздер қатарын көрсет:
А.баспа, басылым, баспагер,баспахана, басшы
В.басшы, бас изеу,бас тұту
С.баспагер, бас көз болу
6.Аларман сөзінің мағынасын белгіле.
А.Алуға ұмтылған;
В.Алды;
С.Қақтығыс
7. «Радио» сөзіне тіркес бола алатын сөздер:
А.станция, техника, аппарат
В.кибернетика, нейлон;
С.техника, силон
8. «Ту» есім сөзіне жақын сөздер
А.босану;
В.бекіре;
С.байрақ.
9. «Ақшам жамырады» сөзінің мағынасы
А.Қараңғы түсті;
В.Таң шапағаты;
С.Таң атты
10. «Түртті» сөзіне тізбек бола алатын қатар:
А.түлен, сайтан, қол, ажал, көз, сор;
В.көз, қол, аяқ, бас;
С.түлен, сайтан ажал;
11.Әдеби тіл нормасына кірмейтін сөздер:
А.Варваризм;
В.Диалект;
С.Кәсіби сөздер
12. Оқулықта көрсетіліп, тиісті сөздікте тіркеліп отыратын норма:
А.Жазба тіл нормалары
В.Кітаби тіл
С.Әдеби тіл нормалары
Answers & Comments
Ответ:
1. А
2. А
3. В
4. А
5. А
6. А
7. А
8. С
9. А
10. А
11. А
12. С