1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ Күні: ____________
Аты-жөні: ________________________________________
ОҚЫЛЫМ. (ЧТЕНИЕ)
Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл –қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді.
Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады.
Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ
тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ
көбіне өзімшіл болып келеді.

1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.
(Определите из приведенных выводов одну «ложную» информацию).
Тұжырым Шын Жалған
А) Ауылда ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып сақталмаған.
В) Қалада халық көп, көшелері у да шу.
C) Ауылдың ауасы таза, даласы тып-тыныш болады.

2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
(Найдите в тексте антонимы, синонимы данных слов).
Бүгіннен (антоним) - ______________________________________

Қолы ашық (синоним) - ______________________________________

4. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).
(Расставьте предложения по порядку по содержанию текста (1, 2, 3)).

Мәтіндегі ақпараттар Реті
Ауыл - қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы.
Қала өмірінде тынымсыз тірлік көп.
«Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі – тірлік».

5. Сұраққа толық жауап жазыңыз.
Ауыл адамдары қандай?
(Напишите развернутый ответ на вопрос.
Какие деревенские люди?)
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Помогите пожалуйста сделайте до 19:30 пожалуйста!!!!! ​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.