1. Тырнақшаға алынып жазылатын жалқы есімді көрсетіңіз.
А) Абай, Балбырауын. В) Іле, Лепсі. С) Амангелді,Ақбота. Д) Қарағанды, Жетісу. Е) Балқаш, Зайсан.
2. Негізгі зат есімді табыңыз.
А) Егін. В) Балықшы. С) Әке. Д) Кітапхана. Е) Бұрғы.
3. Шығыс септігіндегі зат есімді табыңыз.
А) Сабақтар. В) Табысқа. С) Дәрігерден. Д) Гүлді. Е) Оқушының.
4.Түбір сөздер қатарын табыңыз.
А) Күйші, биші. В) Қалқатай, шырағым. С) Іні, аға, көке. Д)Әнші, суретші. Е)Анашым, әкетай.
5. Асыл тастармен жұмыс істейтін адамды белгілеңіз.
А) Ұста В) Зергер С) Дәрігер Д) Мүсінші Е) Ұстаз
6. Күрделі зат есімді табыңыз.
А) Балалар, оқушы, қыз. В) Отбасы, саяжай, белбеу. С) Қызыл, жасыл, көк. Д) Ешкім, ештеңе, әлдекім. Е) қыс, жаз, күз.
7. Туынды түбірді анықтаңыз.
А) Жол. В) Тазалық. С) Сынып. Д) Жаңа. Е) Бол.
8. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.
А) Мемлекетте. В) Мемлекеті. С) Мемлекеттік. Д) Мемлекеттің. Е) Мемлекетім.
9. Жалқы есімді көрсетіңіз.
А) Абай. В) Білгіш. С) Орман. Д) Оқушы. Е) Кітап.
10.Туынды сын есімді табыңыз.
А) Тауың. В) Таумын. С) Таулы. Д) Тауға. Е) Таулар.
11. Дұрыс тіркескен сөзді табыңыз.
А) Семіз өзен. В) Тәртіпті ой. С) Жуас кітап. Д) Әдеби тіл. Е) Тәтті ауыл.
12. Сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Адамды қуанту. В) Адамның өмірі. С) Алты адам. Д) Адал адам. Е) Адам үшін.
13. Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Көк. В) Сары ала. С) Қызық. Д) Жасыл. Е) Сұлу.
14. Қатаң дауыссыз дыбыстан тұратын сын есімді көрсетіңіз.
А) Үлкен. В) Әдемі. С) Жабайы. Д) Қысқыш. Е) Дәмді.
15. Қандай? сұрағына жауап беретін сөзді табыңыз.
А) Рәміз. В) Тағдыр. С) Арман. Д) Мерекелік. Е) Дастарқан.
16. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді табыңыз.
А) Жылдам. В) Ұлттық. С) Шешім. Д) Ойынды. Е) Күндер.
17. Тәуелденген сын есімді табыңыз.
А) Айтарың бар ма? В) Сенің балаң. С) Ешкімің жоқ. Д) Жақсың қайсы? Е) Біреуің кел.
18. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінетінін анықтаңыз.
А) 2 В) 6 С) 4 Д) 5 Е) 3
19. Сын есімнің салыстырмалы шырайын анықтаңыз.
А) Ауылдық. В) Ауыспалы. С) Әдемілеу. Д) Күзгі. Е) Тәжірибесіз.
20. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есімді табыңыз.
А) Жасыл, қып-қызыл. В) Ал қызыл, сұрша. С) Көк, қызыл. Д) Өзекті, ұстамды.
Е) Жабық, ағарып.
21. Бастауыш қай сөз табынан екенін табыңыз.
Жиналыста ешкім сөйлемеді.
А) Есімдік. В) Етістік. С) Зат есім. Д) Сын есім. Е) Үстеу.
22. Болымсыздық есімдігін белгілеңіз.
А) Әрне, қайбір. В) Ешкім, ешқайсысы. С) Бірдеме, біреу. Д) Өзің, өздері. Е) Түгел, тегіс.
23. Белгісіздік есімдіктерді анықтаңыз.
А) Олар, бұлар. В) Менен, одан. С) Ешқашан, ешқайда. Д) Мен, сен. Е) Кейбіреуге, біреудің.
24. Жіктеу есімдіктер қатарын табыңыз.
А) Олар, сіздер. В) Бұл, сол. С) Бәрі, күллі. Д) Біреу, әркім. Е) Ешкім, еш адам.
25. Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.
Нағыз теңіз романтикасы деген осы.
А) Зат есім. В) Одағай. С) Есімдік. Д) Үстеу. Е) Етістік.
Помогите, первые 5 не надо
Answers & Comments
Ответ:
6. В
7. Е
9. А
10. С
11. Д
12. Д
13. В
15. Д
19. с
21. е
23. е
24.А
Объяснение:
это те которые я знаю