1. Заттанған сын есімнен жасалған толықтауышты тап. А) Ілім-дария көл, надандық-сусыз шөл. В) Жаманға сөз айтсаң,ақыл таппас жауап айтады. С) Ақымақ бұзуға бар,түзеуге жоқ. Д) Ердің атын еңбек шығарады. Е) Жаман өз үйінде өзі қонақ. 2. Анықтауыш қызыметін атқарып тұрған қатыстық сын есімді тап. А) Сәтжанның қабағы қатулы. В) Омар сабақты жақсы оқиды. С) Қоңыр шашының арасынан бас құйқасы көрінеді. Д) Бірі—сұлу,бірі—мықты, бірі—жүйрік. Е) Адам—тастай берік,гүлдей нәзәк жаратылыс. 3. Күрделі сын есімнен жасалған анықтауышты тап. А) Керегетастың азу-азу ирек-ирек тас биіктеріне күн сәулесі ілінді. В) Күздің әдемі күні туып келеді. С) Ақшыл бұлттан аспан ашылды. Д) Зейнеп—көргенді,тәрбиелі қыз. Е) Жан-жақтан көк шалғынның,жусанның иісі аңқиды. 4. Негізгі сын есімнен жасалған бастауышты тап. А)Арман—адам қанаты. В) Көрмес—түйені де көрмес. С) Айла—алтау,ақыл—жетеу Д) Көне сөз—жаңа сөздің қазығы. Е) Жақсы байқап сөйлер,жаман шайқап сөйлер. 5. Салыстырмалы шырай қатысқан сөйлемді анықта. А) Әуе тұп-тұнық,жібектей жұмсақ В) Көкшенің қыр арқасы көкшіл гауһар тас сияқтанып тұр С) Күнге шағылысқан аппақ қар көзіңді аштырмайды. Д) Жуас торы ат үріккен жоқ. Е) Ақкөңіл,өте қарапайым адамдар екен. 6. «Көкпеңбек,аппақ» сөздері қай шырайда қолданылып тұр? А) жай шырай В) асырмалы шырай С) күшейтпелі шырай Д) шырайы жоқ Е) салыстырмалы шырай 7. Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты тап. А) Өнерлі бала сүйкімді. В) Көп сөз—күміс С) Ел жасымен көрікті Д) Халық сөзі—қаһарлы. Е) Отан—оттан да ыстық. 8. Туынды сын есімді тап. А) жылтыр В) биік С) момын Д) кенді Е) жұмсақ 9. Дара сын есімді тіркесті тап. А) хош иісті зат В) аппақ қар С) киім тазаланды Д) көгілдір аспан Е) теп-тегіс жол 10. Негізгі сын есімді тап. А) түртіншек В) батыл С) шыдамды Д) адам Е) рухан
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.