Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді. Жылы жылы сөйлесең, жылан інінен шығады. Мұның барлығы ата-бабадан қалған асыл сөздер.
Қазақ жұртының жақын туысына, көршісіне деген ыстық ілтипаты сөз мәнерінен көрінеді.
Кездескен адамдар бір-біріне «Ассалаймағалейкум!» деп сәлем береді. Бұл «Сізге нұр жаусын» деген сөз. Сәлем алушы «Уағалейкуміссалам!» дейді. Мағынасы «Сізге де нұр жаусын». Таңертеңгілік немесе таң атып келе жатқанда кездескен адамдар «Қайырлы таң» деп тілектестік білдіреді. Наурыз күні «Ұлыс құтты болсын», «төрт түлік ақты болсын» деп айтуды ұмытпаған жөн. Жаңа жылда «Жыл құтты болсын», «Бақыт, табыс жылы болсын» деп құттықтайды. Халық әдетінде әрбір істі, тамақты «біссімілла» деп бастайды.
Үйге келген кісі шаңыраққа сәлем беріп кіреді. Үй иесі сәлемін алып, жасы кіші болса қайта сәлем беріп, «хош келдіңіз», «төрге шығыңыз» деп ілтипат көрсетеді. Кешкілік үйге келгендер «кеш жарық» деп кіреді. Қазақ әрбір сәтті күнде, қуанышта, мәжілісте, тойға келгенде «құтты болсын» деген игі сөзді қосып айтады. Тойға жиналғандар «той тойға ұлассын» деп құттықтайды. Мұны қабыл алғандар «айтсын», «айтқаның келсін», «бірге болсын» деген жылы сөздермен қарсы алады. Мәжіліске немесе бірнеше адам бас қосқан жерге келген адам «орта толсын» дейді. Үйдегілер «кемісі сізбен толсын» деп орын ұсынады. Жұмыс немесе іс басына келген адам «іске сәт» десе, оған «айтсын-ақ» деп жауап береді. Жаңа үйленген жастарға «құсың құтты болсын», «отау берік болсын» дейді. Ас үстіне келгендер «ас тәтті (дәмді) болсын» деп айтады. Жаңа қоныстанып жатқандарға «қоныс құтты болсын» деп жөн сұрасады. Көшіп бара жатқандарға « көш өң болсын», «көш көлікті болсын» деп тілек білдіреді. Жолаушыдан «қайда барасыз?» деп сұрау дұрыс емес. «Жол болсын», «жолдасың Қыдыр болсын», «сапарың сәтті болсын» деу керек. Ол «әлей болсын» деп жөнін айтады. Зат, бұйым сатып алғандарға «игілігіңе тұтын» делінеді.
Answers & Comments
Ответ:
1)Мағынасы:Жақсы ой ойлап,жақсы сөз айтсаң,сол орындалады.
2)Адам көркі шүберек.

2)Құдай суықты сырт киіміне қарай жібереді.
Тар киім тез тозады.