1-жаттығу. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
1. Студенттердің, жөнінде, қалай оқылатыны, шет мемлекеттердегі, терең, біз, бастадық, ойлана.
2. Өзара, мақұлдайтын, шартына, ендік, Болон, сөйтіп, оқу орындары, жоғары, дипломды, берген.
3. Етті, ғылым, министрлігі, Білім, осы, бағытта, және, тәуекел, қадам, батыл, жасауға.
4. Оқу, жүйеге, орындары, Қазақстандағы, көшті, көптеген, несиелік.
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді, сөз тіркестерін қойыңыз.
1.Отандық жоғары мектептің басты міндеттерінің бірі ... төтеп бере алатын студенттер контингентін қалыптастырып, олардың ... арттыру болып табылады. 2.Аралық тест арқылы мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған бақылау ... да, онда оқитын ... да жауапкершілігін арттырып, сапалы білім ... негізін қалай алады. 3.Қазақстанның білім саясатындағы ұстанған бағыты елдің ..., санаткерлікті ... көмектеседі. 4.Мәселенің маңызын Болон процесіне ... ғана байланыстыруға болмайды. 5.Оқу пәнінің ... бүтіндей несие санын құрауы керек. 6.Бұл іс жүзеге асып жатса, әрбір студенттің ... алуына мүмкіндік беретін ... ұсынылады.
Қажетті сөздер, сөз тіркестері: жоғары оқу орнының, бәсекеге, болашақ мамандардың, қосылғандығымен, көлемі, тиянақты білім, жеке оқу жоспары, білім сапасын, көрсеткішінің, беделін көтеруге, арттыруға.
3-жаттығу. Сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз.
Қазақстанның экономикасы, бәсекеге қабілетті, ғылымды дамыту, ұлттық кадрлар, ғылымды басқару, білімнің сапасы, жаңа технологияларды үйрету, мамандарды даярлау.