Шайтанкөл Қазақстандағы ең жұмбақ және қорқынышты жерлердің бірі. Бұл көлге қатысты көптеген аңыздар белгілі.
Ол Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан. Көлемі үлкен емес, ұзындығы – 60 метр, ал ені – 40 метр ғана. Соған қарамастан, бұл көл – республикалық маңызы бар табиғи ескерткіштердің бірі болып табылады. Теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан. Бір қызығы, ғалымдар Шайтанкөлді әлі күнге дейін зерттеген жоқ. Жаңбыр жауса да, қар ерісе де, мұндағы су деңгейі ешқашан төмендемейді және көтерілмейді. Судың химиялық құрамы және тереңдігі белгісіз. Жергілікті тұрғындар, көлдің түбіне ешбір адам жетпеген дейді. Ақсақалдардың айтуынша, Шайтанкөл суы бүкіл Қарқаралыны басып кете алады. Ежелгі заманнан бері, адамдар Шайтанкөлде шомылмаған. Себебі, жергілікті тұрғындардың әңгімелеріне сүйенсек, бұл көлдің маңында жын-шайтандар жүреді. Ал, су қоймасынан бірнеше жүз метр радиуста жануарлар мен құстар мүлдем кездеспейді. Аңыз бойынша, ертеде бұл аймақта Алтыншаш есімді қыз өмір сүрген. Оның әкесі өте бай адам болған. Алтай есімді кедей отбасыдан шыққан жігіт, осы қызға ғашық болды. Бірақ, екі жастың қосылуына әкесі қарсылық білдірді. Бір күні, Алтай өзінің досы Қайсармен бірге, қызды алып қашып кетіп, Шайтанкөлге келіп тоқтады. Алтыншаш жартаста отырған кезде, арыстанның айқайлағанын естіді. Жыртқыштан құтылу үшін, суға секіруге мәжбүр болып, батып кетті. Қайғыға шыдай алмаған екі жігіт, оның артынан секірген. Осылайша, адамдар үш жастың өмірін қиған көлді – Шайтанкөл деп атап кеткен
Answers & Comments
Verified answer
Объяснение: