Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып, еліміздің ғылыми әлеуетін айқындауда негізгі күш Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарына түсетіні белгілі. Қазіргі таңда Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарымен 383 ұйым айналысады. Статистикалық мәліметтерген назар аударсақ, Алматы қаласында ғылыми зерттеулер мен зерттемелермен 133 ұйым айналысатынын байқаймыз. Бұл еліміздегі барлық ғылыми мекемелердің үштен бір бөлігін құрайды. Соңғы жылдары Нұр-Сұлтан қаласында да ғылыми мекемелер көптеп ашылып, қазақ ғылымы даумдың даңғыл жолына түскенін аңғаруға болады.
Еліміздегі ғылымды дамыту көрсеткіштеріне назар аударатын болсақ, ғылымды өркендетуде жоғары білім беру секторы жетекші орынға шықты деуге болады. ЖОО-ның ғылымды дамытатын негізгі күшке айналуына соңғы жылдары елімізде жүзеге асырылған бірқатар реформалар әсер еткені сөзсіз. ҚР Білім және ғылым министрлігінің еліміздегі жетекші университеттердің автономды бағытқа бұруы және оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы ғылымды дамытуда негізгі күшке айналды.
Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдары ғылым мен білімді дамыту бағдарламасында аталған бағыттарға ерекше мән берілді. Қазіргі таңда дамыған елдерде ғылыми-зерттеу орталықтарының көпшілігі іргелі университеттердің базасында дамып жатыр. Мұндай әлемде мойындалған үрдіс Қазақстанды да айналып өтпегені бізді қуантады.
Осы ретте университеттер жанында ғылымды дамытатын ұйымдарға ЖОО-ның бақылауындағы ұйымдар немесе олармен қауымдас ҒЗИ, экспериментальды станциялар мен клиникалар кіретінін айта кетуіміз керек.
2018 жылы 17,4 мың зерттеуші-мамандардың көпшілігі (5,2 мың) жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан. Бұл саладағы мамандардың біліктілігі бойынша жіктесек, ғылым докторы – 574, кандидаттар – 1,3 мың, философия докторлары (PhD) – 200, салалар бойынша докторлар 199 адамды құрағанын байқауға болады. Ал магистранттардың саны 1,2 адамды құрады.
Тағы да айта кетсек, инженерлік зерттемелер мен технологиялар салалары бойынша ғылыми жұмыстармен айналысқан адамдардың саны 2,2 мың адамды құрап, олардың арасында ғылым докторлары – 371, ғылым кандидаты – 837, философия докторлары (PhD) – 59, салалар бойынша докторлар – 112 және магистранттар 863 адамды құраған.
Answers & Comments
Объяснение: