Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласы кезекті туған күнін тойлауға жақын. Осы орайда, el.kz сайты елорда туралы қызықты деректер тізбегін ұсынуды жөн санады. Сонымен, қазақ елінің астанасы өз атауын тарихта төрт рет өзгерткенін білеміз. Соңғы өзгерту 2019 жылдың 20 наурызында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімен орын алған еді. Астана қаласы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп аталды.
1. Елордадағы ең ескі ғимаратқа 174 жыл болған. Ол – Сәкен Сейфуллиннің музейі. Оның негізі сонау 1846 жылы қаланған екен. Онда Алаш қайраткері тұрған деп ойласаңыз қателесіз. Алғашында ғимарат келген тауарларға есеп жүргізу мақсатында бір қабатты етіп салынған. Ал ХХ ғасырда ол «Зорька» балабақшасына айналып шыға келді. Тек 1988 жылдың 20 ақпанында Сәкен Сейфуллиннің есімі ақталғаннан кейін, өзі жұмыс жасаған ғимаратты музейге айналдыру ісі қолға алынған еді. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласында жүз жылдық тарихы бар ғимараттардың саны – 9.
2. Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығының мұхитаралы ТМД-да ашылған бірден-бір нысан болып табылады. Сол сияқты ол әлемдегі көк мұхиттан үш мың шақырым қашықтықта жатқан жалғыз мұхитарал екен. Ондағы судың қоры үш миллион литрді құрайды. Оны әзірлеуге 120 тонна теңіз тұзы пайдаланылыпты. Сонымен қатар, мұхитаралда дүние жүзінің әр бұрышынан әкелінген екі мыңға жуық теңіз жәндіктері өмір сүреді.
3. Нұр-Сұлтан қаласы – әлемдегі Ұлан-Батордан кейінгі екінші суық қала болып саналады. Тіпті, елордамыз Канаданың Оттавасын да суықтығымен басып озыпты.
4. Қаладағы ең қысқа көшенің ұзындығы 358,7 метр ғана. Ол Біржан салдың атымен аталады (ескі атауы – Вокзальная).
5. Нұр-Сұлтанда ұзыннан-ұзын созылып жатқан ғимарат бар. Oның ұзындығы екі шақырымға дейін жетеді. Әрине, ол – Министрліктер үйі.
6. Жыл өткен сайын астана жылынып келеді. Әр он жыл сайын 0,4 градусқа жылыну байқалатын көрінеді. Сол сияқты желдің соғуы да азайған дейді ғалымдар.
7. Нұp-Сұлтан қаласының елтаңбасы мен тyы астана болғанына 11 жыл толғанда ғана бекiтiлген. Ол 2008 жылдың 5 маyсымы болатын. Нұp-Сұлтан қаласының Елтаңбасы көгiлдip түс аясында алтын түстi «Бәйтеpек» пен «Шаңыpақ» бейнеленген екi нышан оpналасқан дөңгелектi бiлдipедi. «Бәйтеpек» негiзiнде «Құсқанаты» оюы оpналасқан, оның төменгi жағында «Н» әpпi оpналаскан, «Құсқанаты» оюы және «Н» әpпi алтын түстi «Шаңыpақ» пен «Құсқанаты» оюының сыpтқы жағында жасылмен көмкеpiледі. Сыpтқы сақина орналасқан жердің сол және оң жағында алтын түстi «Бөpiкөз» оюы оpналаскан. Елтаңбаның төменгi жағында қызыл түстi «Nur-Sultan» деген жазyы баp. «Nur-Sultan» жазyының сол және оң жағында алтын түстi үш симметpиялы сызықтаp оpналасқан. Нұp-Сұлтан қаласының Тyы енi мен ұзындығы 1:2 қатынастағы оpтасында Нұp-Сұлтан қаласының Елтаңбасы оpналасқан тiк бұpышты жалпақты бiлдipедi, одан жан жаққа алтын түстегi күн сәyлелеpi шашылып тұpады.
8. Астанамызда орналасқан «Астана Арена» стадионы қозғалмалы шатыры бар әлемдегі санаулы ареналардың қатарына жатады. Жылжымалы шатыр бар-жоғы 30 минутта ашылып, жабылады. Сыйымдылығы – 30 мың адам. Онда спорт ойындары мен түрлі концерттер өткізуге болады.
9. Нұр-Сұлтан қаласының миллионыншы тұрғыны 2016 жылдың 4 шілдесінде дүниеге келді. Ол жас отбасы Олжас пен Арайлымның шаңырағында туған Саида Мұхамедияр есімді қыз бала.
Answers & Comments
Verified answer