Тапсырма [10] Төменде берілген екi тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. 1.«Аспан әлемi туралы менiң бiлетiн қызықтарым» тақырыбында эссе жұмысын жазыныз. Жазу барысында төл сөз бен төлеу сөзді колданыныз. 2. Сiз шетелде немесе Қазақстанның бір қаласында ұзақ мерзімді саяхатта жүрсіз деп елестетіңіз. Досыңызға саяхатыныздың қызықтарымен бөлісе отырып, хат жазыңыз. Досыңызға өз саяхат ереженiздi Хаттың жанрлык, құрылымдық, ресімделуіндегі ерекшеліктерді ескеріңіз. Жазу барысында төлеу сөздерді қолданыңыз. ұсыныңыз.
Answers & Comments
Аспан әлемі -жұмбақ әлем. Ғарышқа адамдар ұшып барып келіп жатырған ғасырда не қылған жұмбақ дерсіз? Алайда күндіз көгілдір,түнде түпсіз тұңғиық аспанға қарап жатып,аржағында не бар екен деген ойға қалмау мүмкін емес!Мен де солай ойлаймын. Әрине, ғылымның дамыған заманында,көзі ашық,көкірегі ояу адамның аспанда не бар екен деп ойлануы күлкілі де шығар? Ондағы жұлдыздар,аспан денелері, құйрықты жұлдыздар, осы күнге дейін ашылмаған жұлдыздар -бәрі тылсым дүниенің жұмбағы емес пе? Мысалы "Жетіқарақшы", "Үркер", "Таразы" тағы да басқа деген шоқжұлдыздар атауы қалай пайда болды? Бұл да мен үшін қызық. Қазақ халқы жұлдыздарға ,аспанға қарап, ауа райын болжайды. Мысалы, жаңа ай шалқасынан жатып туса,күн суық болады,жұлдыз көп болса,күн ашық болады. "Халық айтса-қалып айтпайды" дегендей, өмірдегі тәжірибесімен-ақ дана халқымыз аспанға ұшпай-ақ, аспан әлемінің сырын білген сияқты. Дегенмен, біз білмейтін жұмбақ көп...