August 2021 2 3 Report
10 сынып оқушысы Мереке Шанабай ұлттық спорттың бұл түріне осыдан 4 жыл бұрын ден қойған. Соған қарамастан бүгінде ол бес асықтан еліміздің үш дүркін чемпионы атанып отыр. – Алғаш рет үйірмеге келгенде мұндағы замандастарымның ептілігін көріп, қызығушылығым бірден оянды. Әсіресе, жеті дүркін чемпион Мариям деген қыздың асықты шебер меңгергендігі таң қалдырды. Кейін Тараз қаласында өткен республикалық додада топ жарып, бес асыққа деген құлшынысым арта түсті. Бір қарағанда, бұл ойын түрі оңай көрінуі мүмкін. Алайда оның барлық кезеңдерін мүлткісіз орындау екінің бірінің қолынан келе бермейді, – дейді чемпион қыз. Онлайн-жарыс 12 кезеңнен және асықты қағып жинап ұпай алудан тұрды. Мысалы, бірінші кезеңде қатысушы бес тасты алаңға шашырата тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасын жоғары серпіп жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгеру керек. Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші, сонан соң үшінші, төртінші тастарды бір-бірлеп іліп алып отырады. Әділқазылар бұл жерде тапсырманы қатесіз, ұқыпты орындаумен қатар жылдамдыққа да баса мән береді. Рудныйлық бойжеткендердің бұл жеңісі ұзағынан сүйіндіргей! Жарайсыздар! где вводные слова?
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.