10-тапсырма. «Ауылым алтын бесігім» деген тақырыпта эссе жаз. Талаптар: • нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен құралу шарт; тақырыптан ауытқымаған дұрыс; • тезистерді ұтымды дәлелдермен растау қажет; ЕСТЕ САҚТА! өмірмен байланысты болуы тиіс; Ауылым - алтын бесігім - өзіндік тың пікірлер келтіру керек; Мен жазда ауылға • баяндау стилі нақты болуы шарт; барамын. Атам мен әжем көріктеуіш құралдарды ұтымды Қолдану ауылда тұрады. Маған да қажет; ауыл ұнайды. • көлемі – 55-60 сөз. .
Answers & Comments
Ответ:
Мен Жазда ауылға Атамен Әжеме барамын . Менің ауылым кішкентай болғанымен, өз ерекшелігі бар. Екі өзеннің ортасына орналасқан, шағын ауыл болса да, маған сондай-ыстық. Ешбір қалаларға теңгермеймін.Өзенінде балығы тайдай тулаған, шұрқырап жылқы суға құлаған, қозы – лағы маңырап шулатқан ауылдың тыныс тіршілігінің өзі бір ғанибет емес пе? Жазда балалар өзенге суға түсіп, балық аулап демалыстарын қызықты өткізеді.Қой бағуға барған кездегі табиғатты айтсаңшы. Айтып тауыса алмайсың. Ауасы қандай! Жұта бергің келеді, жұта бергің. Ал қыста бұзау жегіп, өзенге суға барудың өзі - қандай тамаша! Екі бетіміз алмадай қызарып, бір –бірімізбен қар атысып, сырғанақ теуіп мәре –сәре болып қаламыз. Қыс қызығын тауысып айта алмайсың ғой. Қаладан бұның бірін көрмейді