Аппақ Байжанов, Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірі. Нұра ө-нің оңтүстігінен 25 км жердегі Қарағанды мекенінде туып-өскен. Арғын тайпасының Қуандық руының Сармантай бөлімінен шыққан.
Туған күні:1824.Қайтыс болған күні:1887.Азаматтығы
Ресей Империясы.Аппақ жастайынан жергілікті болыстың қойын бақты. 1833 ж. ол жер бетіне шығып жаткан тас көмір қабатын тапты (қазіргі «Северная» шахтасының жері). Көмірдің жанатын қасиетін білетін Аппақ оны өндіріп, жақын маңайдағы ауылдарды отынмен қамтамасыз ете бастады. Аппақ жаңалығы ол кездері іскер топтардың назарына шалынбады, оның үстіне жергілікті бай-шонжарлар шаруашылықтың дәстүрлі үрдісін бұзғысы келмеді. Қарағандыда тек 23 жыл өткен соң ғана көмір өндіру басталды. Қарағандыда көмір бассейнін алғаш ашушыға ескерткіш орнатылды (1999 ж.). Аппақ есімімен Қарағандыда көше аталған.
Аппақ Байжанов туралы аңыз Қарағанды көмір кенішін алғаш ашушы Аппақ Байжанов, ол 1833 жылы Нұра өзенінен оңтүстікке қарай Қарағандыбасы деген жерде тас көмір кесектерін табады. Ел ауызындағы аңызға қарағанда, Қазіргі Қарағандыдағы Ескі қаланың орнында қалы қараған өседі екен. Сол қарағанның ішінде соңында екі тазысы бар Аппақ деген бір байдың қойшысы қой жайып жүреді. Бір кезде қойдың бір шеті дүр ете қалады. Жалт қараса бір суыр қашып бара жатыр екен. Тазылар тұра бастыртады, бірақ, суырдың іні таяу екен, ініне қояды да кетеді. Ол күнү–күн кешкіріп қалғандықтан Аппақ суырдың інінің аузын таспен бекітіп кетеді. Келесі күні ерте келіп, суырды інінен қазып алады.
Сол күні ін түбінен көмір шыққан екен дейді. Әуелде Аппақ оның не екенін білмейді… Қара бояу ма деп ойлайды. Бірсыпырасын үйіне алып келіп жүн бояп көреді. Жүнді тек кірлеткені болмаса жүнге бояу болып қаппайды. Содан ауыл ақсақалдарына көрсетеді. Олар да шеше алмайды. Бір күні кешкілікте тезектің маздап жанған отын айнала қоршап отырғандар тағы да сарапқа салады. – Бірақ бұл алтын да емес, күміс те емес, жез де емес, ал жәй тас та емес. Не екенін "бір Алла" өзі білсін, - деп отырғанда, бір тас отқа түсіп кетеді. Ол жана бастайды. Отырғандар: – Тас жанып жатыр, тас жанып жатыр!- деп шу ете қалысады. Басқалар қолындағы тастарын отқа салады, әлгі тас онан сайын қыза жанады. Сол жерде "бұл жәй тас емес", "Жанатын тас" болды деседі. Ертеңінде-ақ сол "Жанатын тас" туралы хабар жоғарғы жерге жеткен екен. Сол тасты тапқан Аппақты бір төре іздеп келген дейді. Аппақ әлгі төреге тасты тапқан жерін көрсетеді. Ол үшін Аппаққа ат тұяғындай алтын, қой тұяғындай күміс берген екен. Карағандыдағы тұңғыш рет ашылған "Қаразабой" деген шахта сол Аппақтың көмірін тапқан жерінен ашылған дейді.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение: