Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» — деген еді. Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Шынында да әрбір азамат үшін Отан деген ұғымнан кейін отбасы тұрады. Отбасы Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп ортаға қосатын маңызды орын. Әрбір ұлттың қай кезеңде болмасын өз алдында тұратын міндеттерінің бірі және бірегейі өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабамыздан келе жатқан ғашықтық жырлары мақал-мәтел, шешендік сөз, күмбірдеген күміс күйі, сыбызғы сырнайының үні, шешендік сөз, айтыс өнері сан ғасыр бойы өз ұлтымызды ар-ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарих шындығы.
Answers & Comments
Verified answer
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» — деген еді.Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Шынында да әрбір азамат үшін Отан деген ұғымнан кейін отбасы тұрады. Отбасы Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп ортаға қосатын маңызды орын. Әрбір ұлттың қай кезеңде болмасын өз алдында тұратын міндеттерінің бірі және бірегейі өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабамыздан келе жатқан ғашықтық жырлары мақал-мәтел, шешендік сөз, күмбірдеген күміс күйі, сыбызғы сырнайының үні, шешендік сөз, айтыс өнері сан ғасыр бойы өз ұлтымызды ар-ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарих шындығы.