ДАЮ 100 БАЛЛОВ.
3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап берініз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.

1. «Ісің ақ болса, Өскенбайға бар» деген халық аузындағы аңыздын 2 себебін түсіндіріңіз:.

2. Шешек ауруы Құнанбайдың жүзінде кандай із калдырды?

3. Мәтіннен құнанбайдың ұлы адам болғанын көрсететін 2 факторды аныктаныз.

Қазақтың ұлы адамдарының бірі Құнанбай Өскенбайұлы. Ол кісі туралы аз сөз жазбақпын... Әлі де Құнанбайды жамандаушылар бар, бірак менің ойыма мынау келеді: «Ер сыншысы ел» дейді. Ел елге енбек еткен ерін мактайды. Мен жасымнан Құнанбай туралы әңгімелерді халыктан көп естідім. Бұл оқиғаларды көпшілігі - тарихи шындық. Құнанбайдың немересінің баласы болган сон атас мактап отыр гой дейтіндер де болар, бірак мен елден естігендерімді ғана жазбақпын.

Елге енбек етсем деген талап Құнанбайдың жасынан алдына койган максаты.

Құнанбайдың әкесі Өскенбай Кеңгірбайдан кейін Тобыктыга би болган, хат танитын адам. Халык Өскенбайды өте әділ болған деседі, «сін ак болса, Өскенбайга бар» деген халық ауызында аңыз бар. Халықтың айтуынша, жат жердін адамдары Өскенбайға келіп, дауларын шештіреді екен. Құнанбайдың шешесі Найман іш Матай руынын кызы Зере оте есті, адал, момын, тақуа, жомарт ана болған. 1804 жылы Құнанбай дүниеге келеді. Ол туғанда өте ірі, толық болады. Бұл туарда анасы түс көреді. Түсінде ері Өскенбай алтын сақаны иіріп отырады. Анасы алтын сақа Құнанбай деп жориды.

Құнанбайдың денесі өте сымбатты, толык, бойы зор, жүзі нұрлы, бота кез, кен мандайлы, қыр мұрын, сұлу болған. Алайда Құнанбайдың «соқыр» екені көпшілікке мәлім. Ол туралы бір мәлімет бар. Құнанбай жасөспірім шағында ажалға тап болып, шешек ауруымен ауырады. Осы ауру оның нұрлы сұлу бетін аздап шұбарлап, сол жак көзінде қабағының астын ала тарыдай дак калдырып кетеді.

Бала кезінен бастап Құнанбай өте ұғымды, зерек, алғыр, бір естігенін, оқығанын ұмытпайтын. Ол молдадан оқып, хат танып, түрікше жазылған кітаптарды еркін оки алатын болған. Ол ес біле бастағаннан әкесінің қасында отырып, көп эңгіме- окигаларды, биліктерді естіп, қазақтың өткір сөздерін, мақал-мәтелдерін, накыл сездерін, эпостық жырларын, тарихи окиғаларды жадына сактап алатын. Тіпті әкесі Өскенбайға келген хаттарды бір-бірімен салыстырып, пікір айтып, акыл косып отырған.

Құнанбайдың уәдеге берік, ұстамдылығын, қайраттылығын, жігерлілігін, сабырлылығы мен шешендігін, болжампаздығын ел аныз етеді. Халык онын абыройын көтеріп, атағын жайып, ақылды, адал, адамгершілігі зор, парасатты деп, Құнанбай атын да атамай үлкендер «мырза», жастар «тәте» деп атайды. Сейтіп, Құнанбайдың атағы өз елінен асып, баска алыс елдерге жайыла бастайды. (Ахат Шәкәрімұлы естелігінен.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.