Сәбилік ғұрып дегеніміз баланың дүниеге келіп ұрпақты жалғастыруы. Нәрестенің
дүниеге келуi – қай халықтың салтында болмасын үлкен шаттық, зор қуаныш.
Бұл күндi әр отбасы ұлан-асыр той жасап, атап өтедi, оны қазақ «шiлдехана» деп атайды. Шiлдеханада ән мен күйдiң нәрестеге айтылатын ақ тiлектiң тиегi ағытылады. Жиналған жұрт үй иесiн мақтап, жас сәбиге арнап жыр төксе, баланың ата-анасы да: Қуанып қан жүрегiм қақ жарылып, Қасiрет басымдағы қалды арылып. Шiлдехана дастарханы жиылып, ауыл үлкендерi қайтар сәтте ақсақалдан бата тiленедi. Сөздiң магиялық құдiретiне сенуден шыққан бұл көне салт қазақ арасында өте кең тараған және оның түрлерi де мол: астан соң үй иесiне, дастарханға берiлетiн бата, ұзақ сапарға жорыққа аттанатын батырларға берiлетiн бата, өнер жолын қуған ақын, әншi, күйшi жастарға берiлетiн бата, үйленген ұлға, ұзатылған қызға берiлетiн бата т.т. Сол сияқты оң бата, терiс бата да болады.
0 votes Thanks 1
akgul100909
Сәбилік-ғұрып жырлары. Бөбек туғаннан кейін жеті-сегіз айдан соң, әуелі еңбектеп(еңбектеудің де әр түрлісі бар) содан кейінірек қаз-қаз тұрып, қаз басып жүре бастайды. Бала тәй-тәй басып жүре бастаған кезде, тұсау кесу рәсімі жасалып, тұсау кесу жыры айтылады. Сонымен баланың алғаш бесікке бөленуі, қырқынан шығуы, тіс жаруы, құйрық басып отыруы, тілінің шыға бастауы, қаз тұрып, тәй-тәй басуы т.б. сәттері түрлі ырым-жоралғылармен атап өтіледі. Осыларға орай тілектер айтылады. Мұндай тілек өлеңдерде халық түсінігінің түрлі көріністері, діни наным-сенімдерге байланысты салт-дәстүрлері бой көрсетеді. Солардың бірі – «Тұсау кесу» жыры баланың апыл-тапыл басқан алғашқы қадамына арналып айтылады. «Тұсау кесудің» ырғақты интонациясы мен сөзі баланың бір басып, екі басып барып жүрексініп қалатын аяқ алысына ыңғайланып жасалған. Тұсау кесу жырын балбөбекті күтушілер оның тұсауын кескенге дейін де айтып, оның тәй-тәй басып жүруіне қуаныш білдіріп, сүйеніш, жетекші іс-әрекет тәсілдерін қолданады. Тұсау кесу жырының бұл түрі “тәй-тәй” деп аталады: Тәй-тәй, балам, тәй балғын, Жүре қойшы жай балғын, Қарыс сүйем Қаз бастың, Қадамыңнан айналдым Тәй-тәй-тәй! Жүре ғой жай! Қазақ балалар поэзиясында бірсыпыра ақындардың(Ж.Смақов, М.Әлімбаев т.б.) тұсау кесуге арналған жырлары бар. Мысалы, ақын Жақан Смақов Тәй-тәй бас, құлама, Құласаң жылама! деп баланы батылдыққа тәрбиелейді.
Answers & Comments
Ответ:
Сәбилік ғұрып дегеніміз баланың дүниеге келіп ұрпақты жалғастыруы. Нәрестенің
дүниеге келуi – қай халықтың салтында болмасын үлкен шаттық, зор қуаныш.
Бұл күндi әр отбасы ұлан-асыр той жасап, атап өтедi, оны қазақ «шiлдехана» деп атайды. Шiлдеханада ән мен күйдiң нәрестеге айтылатын ақ тiлектiң тиегi ағытылады. Жиналған жұрт үй иесiн мақтап, жас сәбиге арнап жыр төксе, баланың ата-анасы да: Қуанып қан жүрегiм қақ жарылып, Қасiрет басымдағы қалды арылып. Шiлдехана дастарханы жиылып, ауыл үлкендерi қайтар сәтте ақсақалдан бата тiленедi. Сөздiң магиялық құдiретiне сенуден шыққан бұл көне салт қазақ арасында өте кең тараған және оның түрлерi де мол: астан соң үй иесiне, дастарханға берiлетiн бата, ұзақ сапарға жорыққа аттанатын батырларға берiлетiн бата, өнер жолын қуған ақын, әншi, күйшi жастарға берiлетiн бата, үйленген ұлға, ұзатылған қызға берiлетiн бата т.т. Сол сияқты оң бата, терiс бата да болады.
Тұсау кесу жырының бұл түрі “тәй-тәй” деп аталады: Тәй-тәй, балам, тәй балғын, Жүре қойшы жай балғын, Қарыс сүйем Қаз бастың, Қадамыңнан айналдым Тәй-тәй-тәй! Жүре ғой жай! Қазақ балалар поэзиясында бірсыпыра ақындардың(Ж.Смақов, М.Әлімбаев т.б.) тұсау кесуге арналған жырлары бар. Мысалы, ақын Жақан Смақов Тәй-тәй бас, құлама, Құласаң жылама! деп баланы батылдыққа тәрбиелейді.