Айтыс өнері - жыр жарысы,сөз сайысы.Бұрындары шілдехана,қыз ұзату,ас бергенде,той-жиындарда әр ауылдың акындары арнайы келіп жиналған халықтың алдында айтысып,өнер көрсеткен.Қазіргі заманда домбырамен ән айтылатыны болмаса жиын-тойларда айтыса бермейді.Біздің заманымызда айтыс өнерін арнаулы,ұйымдастырылған кештер мен байқауларда көреміз.Айтыс өнерінің қоғамдағы маңызы жоғары.Ақындар айтыса отырып,халықтың әлеуметтік жағдайын,ел үшін істелінген жұмыстар мен бiтпейтiн құрылыстарды сынап,тыңдарманға жеткізеді.Әзiлмен бiр-бiрiн қағытып отырып,шенеунік мырзаларды сынға алады.Айтыс өнерi тiл шешендiгi мен суырып салма қабілетті арттырады.Айтыс өнері қазақ үшін,қоғам үшін маңызды өнердің бірі.Айтыс өнерін өркендететін өнерлі жастар көп болса,айтыстың қоғамдағы маңызы арта түспек.
Answers & Comments
Ответ: