ugugyfutiy Қызық тақырып, иә! Алғашында Голливудтың фантастикалық фильмдерінде арқау болатын робот технология адамды алмастырады дегенге мән бермейтінмін. Бүгінде роботтардың адамның функционалдық міндеттерін алмастыра бастағанын естіп, көріп жүрміз...
Мәселен, Шведтік «Furhat Robotics» робототехника компаниясы адамның түр-келбетіне ұқсайтын роботты жасап шығарды. Адамға ұқсайтын робот жасанды интеллектпен жабдықталған. Роботтың алдыңғы бөлігіне камера орнатылған екен. Ол сұхбаттасушының жағдайын қадағалайды. Яғни, робот адамның көзіне «қарап», одан кейін кері бұрылу функцияларын орындайды. Бүгінде роботқа Disney, Merck және Honda компаниясы қызығушылық танытып отыр. Жалпы, дамыған елдерде роботты жасанды интеллектпен жабдықтап, оны жетілдіру жұмыстары трендке айналды. Мәселен, осыған дейін өндіріс орындарында жұмыс жасауға қабілетті (жасанды интеллектпен жабдықталған) «Saram» роботы шығарылды. Айта кететіні, жасанды интеллектердің танымалдылығы артып келеді. Оның дәлелі, София роботы. Бірнеше тілді еркін меңгерген робот газет-журналдарға сұхбат беріп, ел назарына ілікті. Токиодағы саяхаттау ақпарат орталығында қызмет ететін Юнко Чихира роботы да бірнеше тілде еркін сөйлей алады. Ең қызығы, адамдар сияқты ренжи алатын, таңғалып, күлетін роботтарда бар. Женева университетінде лекция оқитын Нади Магенат Тальман мен Хенрик Шарфтың прототип робот соның айғағы. Осыған дейін хирург-робот, агроном-робот, тәрбиеші-роботты естісек, енді роботтар шығармашылық жұмыстарға араласа бастады. Ең қызығы, жаңалық жазатын журналист-роботтар да қызметке кірісті. Мұндай қызметке Сан-Францискодағы «Hoodline Online Media» интернет-газеті жүгінген. Мысалы, белгілі бір брендтің жаңа наубайханасы ашылса немесе қалалық автобус бағдарынан кешіксе робот-журналист ақпаратты дәл бере алады. Мұндай роботтар бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы, спорт, ауа райы, қылмыс туралы ақпараттардың дерегін жинауға пайдалана бастапты. Бүгінде осыған байланысты қызу пікір-таластар орын алуда. Дәстүрлі басылымдардың өкілдері роботтар интеллект иесі журналисттерді алмастыра алмайтынын алға тартуда. Бірақ, жасанды интеллект иесі 2016 жылы жарты миллиардқа жуық нотаны американдық БАҚ-да жазды және жариялады.
Answers & Comments
Қызық тақырып, иә! Алғашында Голливудтың фантастикалық фильмдерінде арқау болатын робот технология адамды алмастырады дегенге мән бермейтінмін. Бүгінде роботтардың адамның функционалдық міндеттерін алмастыра бастағанын естіп, көріп жүрміз...
Мәселен, Шведтік «Furhat Robotics» робототехника компаниясы адамның түр-келбетіне ұқсайтын роботты жасап шығарды.
Адамға ұқсайтын робот жасанды интеллектпен жабдықталған. Роботтың алдыңғы бөлігіне камера орнатылған екен. Ол сұхбаттасушының жағдайын қадағалайды. Яғни, робот адамның көзіне «қарап», одан кейін кері бұрылу функцияларын орындайды.
Бүгінде роботқа Disney, Merck және Honda компаниясы қызығушылық танытып отыр.
Жалпы, дамыған елдерде роботты жасанды интеллектпен жабдықтап, оны жетілдіру жұмыстары трендке айналды. Мәселен, осыған дейін өндіріс орындарында жұмыс жасауға қабілетті (жасанды интеллектпен жабдықталған) «Saram» роботы шығарылды.
Айта кететіні, жасанды интеллектердің танымалдылығы артып келеді. Оның дәлелі, София роботы. Бірнеше тілді еркін меңгерген робот газет-журналдарға сұхбат беріп, ел назарына ілікті. Токиодағы саяхаттау ақпарат орталығында қызмет ететін Юнко Чихира роботы да бірнеше тілде еркін сөйлей алады. Ең қызығы, адамдар сияқты ренжи алатын, таңғалып, күлетін роботтарда бар. Женева университетінде лекция оқитын Нади Магенат Тальман мен Хенрик Шарфтың прототип робот соның айғағы.
Осыған дейін хирург-робот, агроном-робот, тәрбиеші-роботты естісек, енді роботтар шығармашылық жұмыстарға араласа бастады. Ең қызығы, жаңалық жазатын журналист-роботтар да қызметке кірісті. Мұндай қызметке Сан-Францискодағы «Hoodline Online Media» интернет-газеті жүгінген. Мысалы, белгілі бір брендтің жаңа наубайханасы ашылса немесе қалалық автобус бағдарынан кешіксе робот-журналист ақпаратты дәл бере алады.
Мұндай роботтар бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы, спорт, ауа райы, қылмыс туралы ақпараттардың дерегін жинауға пайдалана бастапты.
Бүгінде осыған байланысты қызу пікір-таластар орын алуда. Дәстүрлі басылымдардың өкілдері роботтар интеллект иесі журналисттерді алмастыра алмайтынын алға тартуда. Бірақ, жасанды интеллект иесі 2016 жылы жарты миллиардқа жуық нотаны американдық БАҚ-да жазды және жариялады.