Тарих тұлғаларымен баянды. Әр заманның өз батыры болғаны белгілі. Олардың өзі болмаса да, атқарған ісі, елдің игілігі үшін жасаған жұмысы халық жадында. Солардің бірі әрі бірегейі егінші Қыпшақ Сейітқұл.
Қыпшақ Сейітқұл туралы ақпарат Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде жазылған. Тіпті ол туралы қазақ әдебиеті оқулықтарында да аз кем жазылған.
Сонымен, Қыпшақ Сейітқұл кім болған?
Атақты егінші Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Қарабидайық елді мекенінде турған. Сыр бойындағы иеліктері егіншілікпен айналысуға таршылық ете бастаған соң, Торғай өңіріне келіп, Қабырға өзенінің бойында Қара қоға деген жерге келіп тұрақтаған. Өзен жағалауында арнайы шығыр орнатып, аяқ егін, атпа егін әдістерін пайдаланып, өзеннен арықтар тартып, бөгендер салып, суармалы егіншілікті қолға алған. Диқанның бұл еңбегі жемісті болып, бес алты жылдың ішінде алғаш келіп қоныстанған оннан астам үй 400-ге жеткен. Қыпшақ Сейітқұлдың аса шығымды ақ тарысының тұқымы кейін бүкіл Торғай, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Жезқазған өңірлеріне тарап кеткен. Диқанның барымташылардан сақтану үшін тұрғызған дуалы мен су тартқан арықтарының қалдықтары Көкалаат, Қызылоба, Қарақоға деген алқаптарда әлі күнге дейін сақталған. Қыпшақ Сейітқұл асқан шебер, сөзге шешен адам болған. Ел аузында Сейітқұл айтыпты деген, кәсіпшілікке байланысты қанатты сөздер көп сақталған. «Ексең егін – ішерсің тегін», «Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық», «Өзен жағалағанның өзегі талмас», «Тамыр тартқан тарықпас», т.б. мағыналы сөздерін халық қалтқысыз қағидадай қабылдап, мақалға айналдырған.
Мұраптың егіншілік дәстүрін халық арасына кең таратып, насихаттау үшін ұлы ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин “Қыпшақ Сейітқұл” деген әңгіме жазып, оқулығына енгізген.
Қыпшақ Сейітқұл туралы Ыбырай Алтынсарин былай деп жазған
«Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен мал алсам, бір күндерде жау да бізден қуып алады, ақырында бұрынғылардың айтып кетуінше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қиялға түсіп, Сейітқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздеді. Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төсіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады»,- деп жазылған Алтынсарин естеліктерінде. 1930 жылдары сол данышпан кісінің ақылымен егінді әдет еткен халық Қабырға өзенінің бойында әлі көп. Жарлы болып, бөтен кәсібі жоқ халық Торғай жағында дереу егінмен айналысады. Бірнеше жылда түзеліп, халық қатарына қосылады.
Answers & Comments
Жаңалықтар
Блогтар
Видео
Медиатека
Кітап клубы
Тұлғалар
Инновация мен технология
Ауа райы мен климат
Бизнес
Инвестициялар
Басты бет
Блогтар
Атақты егінші Қыпшақ Сейітқұл
06 қаңтар 2020
4 мин
18519
Жариялаған: Димаш Дүйсен
АТАҚТЫ ЕГІНШІ ҚЫПШАҚ СЕЙІТҚҰЛ

Белгілі