100 баллов даю 2-ТОҚСАН. 9-сынып. Қазақ тілі мен әдебиеті
БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Заң – қоғамның тірегі», «ҚР Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым, Жазылым

Оқу мақсаты:
9.3.5.1 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру;
9.2.1.1 Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау.

Бағалау критерийі :
Қосымша мәліметтер негізінде қорытынды жасайды, көзқарасын білдіреді.
Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолданады, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрайды

Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну. Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Қазақстанда қыз алып қашқандар қалай жазаланады?
Елімізде әлі күнге дейін заң күшейтілсе де, қыз алып қашу процесі тоқтар емес. Әсіресе Қазақстанның оңтүстік об¬лыстары отбасы болудың осын¬дай үлгісіне құштар-ақ. Ел арасындағы қыз алып қашып сотталыпты деген бірлі-жарым қауе¬сет болмаса, бұл тәсілге жүгініп үй¬ленгендердің 90% өзгеге үлгі боларлықтай отбасы болып ғұмыр кешуде. Көпжағдайда, алыпқашыпүйленуекітараптың да алдын ала келісі¬міменөрбиді. Ал ендіәлгіалыпқашуданкейінотаспайқалған 10 пайыздәл осы дала заңынөзикемінеауыстырып, яғнижігіттарапыұнатқанқызыноныңкелісімінеқарамайалыпқашу-данпайдаболады.
Кейбір жағдайда үйге түскен келін алдында жатқан он кемпірді аттап, ақ орамалыңды таптап кетіп, сотқа беруден тайынбайды, екі жақты әбігерге түсіреді. Намыстан булыққан кейбір қыздар ата-анасы жаман атты болмас үшін қалып та жатады. Әлеуметтік желіде "қыз алып қа¬шу қажет пе, жоқ па?" деген сауал¬намада 75% пайызы қыз алып қашуға "түбегейлі қарсымын", 25% пайызы "қыз¬дың келісімімен алып қаша беруге болады" деп шешті. Ал егер қыз келіспесе, алып қашу қылмыс болып есептеледі. Достарыңмен топ¬тасып қызды ұрласаң, жа¬заң 10 жылдан 15 жылға дейін со¬зылатыны заңда тайға таңба басқандай көрініп тұр. Қыл¬мыстық ко¬дек¬стің 125-ба¬бында көр¬се¬тіл¬гендей, "Адам ұрлау" фактісімен қолға тү¬с¬кен жан төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айы¬рылуы мүмкін. Қызды ұзатып алу үрдісі тұр¬ған¬да, неге қыз алып қашуға бәрі құ¬мар дегенге келсек, жауап – ұзатып алу қым¬бат¬қа түседі. Ұзынсонар, қып-қы¬зыл шығынды талап ететiн дәс¬түрді айналып өтудің ең бір оңай жолы сол алып қашуға итермелейді. Осындай шығындарды азайтса, есесіне, жабайы түрдегі қыз алып қашу өздігінен тоқтатылар еді.

2. Қоғамдағы құқықтық сауаттылықты қалай арттыруға болады? Мәтінді оқып, мәселені бүгінгі заман көрінісімен байланыстыра отырып, өз пікіріңізді 4-5 сөйлеммен түсіндіріңіз. _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________


2-тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен қандай ой түйдіңіз?
1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан алғаш рет бүкілхалықтық президент сайлауын өткізіп, президенттік басқару институтына көшті.2011 жылдың желтоқсанында, парламент депутаттары бұл күнді ресми мереке ретінде тойлау керек деген бастама көтерді. Осылайша, 2011 жылдың желтоқсанында Парламенттің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгеріс енгізілді. Президент тиісті құжатқа қол қойған соң, 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері бұл күн мемлекеттік мереке деңгейінде тойланып келеді. Шыны керек, алғашында бұл мерекені Қазақстан халқы толық түсінбеді. Оның үстіне, Тәуелсіздік күні, Астана күні, Наурыз немесе Жаңа жыл сияқты емес, ешқандай атрибуты жоқ. Бірақ бес жыл ішінде халықтың бойы әбден үйренген сияқты. Оның біз байқаған бірнеше белгісі бар. Біріншіден, Тұңғыш Президент күнін халық бір күнгі демалыс деп асыға күтетін болды. Ал кейбір ұйым қызметкерлері, әсіресе, мемлекеттік қызметшілер мерекеге берілетін сыйақыға қуанады. Егер бұл күн аптаның демалыс күніне дәл келсе, онда үкіметтің арнайы бұйрығымен басқа күнге ауыстырылып, халық қатарынан бірнеше күн демалады.
Екі жыл депутаттар Астана қаласының атын Нұрсұлтан Назарбаев атымен атауды ұсынған еді. Бірақ бұл бастамаға Президенттің өзі қарсы болды. Ол Астананың аты өзгермейтінін айтқан болатын. Қазақстанда, Иорданиядағы Амман қаласында, Шешенстандағы Грозный қаласында, Түркияның бір емес, бірнеше қаласында, Татарстан астанасы – Қазан қаласында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшелер бар.

Мәтіннің негізгі ойы
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2. Сіздің ойыңызша, Тұңғыш Президент күнін тойлау қажет пе? Ойыңызды «ПТМС формуласы» бойынша білдіріңіз.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»
Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: … »
Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын: …»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: ...».
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.