Байқоңыр » — Қарағанды облысының территориясында орналасқан Совет Одағының ең ірі космодромдарының бірі . Байқоңырда кең көлемді космостық зерттеулер жүргізу үшін бірқатар есептеу пункттері , ұшыру комплекстері , техникалық құрылыстар салынды . Байқоңырдан Жердің ең тұңғыш жасанды спутнигі ұшырылды . Одан космосқа жер жүзінде бірінші болып Ю.А. Гагарин , тұңғыш космонавт - әйел В.В.Терешкова ұшты . Сондай - ақ , Байқоңырдан космосты зерттеуге арналған көптеген космостық корабльдер , космостық станциялар , спутниктер және Айға , Марсқа , Шолпанға қарай ракеталар ұшырылды » . Бұл – Қазақ Совет Энциклопедиясының осыдан 40 жыл бұрынғы мәліметтері .Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы , экватор жазықтығына жақындығы , ракета ұшырудың қауіпсіздігі , қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы , т.б. факторлар ескерілді . Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан , олар бір - бірімен автомобиль жолдары және міржол аркылы байланысқан . Байқоңырдың негізгі объектілеріне : техникалық тұғырлар , старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері ( олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал - жабдықтары бар ірі құрылыстар ) , ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар , т.б .; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне : отын ( жанармай ) сақтайтын алаң , сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар , энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер , байланыс жүйесі , телевизия , т.б. жатады . Байқоңырда ракета тасығыштың ( РТ ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған .
Answers & Comments
Ответ: