101
Мен не үйрендім?
1. Оқы. Мәтін не туралы?
Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туынды-
сы. Табиғатқа адамның жанашырлықпен, аялай, есіркей
қарауы – оның перзенттік міндеті. Дария, теңіз, көлдер
мен орман-тоғай, асқар таулар мен жан-жануарлар — та-
биғаттың ажар-көркі ғана емес, оны бүлінуден, азудан
сақтайтын құдіретті күш те.
Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Не бір құс, не бір
хайуанат, не бір өсімдік немесе жәндік артық емес. Соның
бәрі табиғаттағы тепе-теңдікті сақтап тұру үшін керек. Ал
ол тепе-теңдіктің бұзылуы күндердің күнінде ойран-апатқа
соқтырары сөзсіз. Олай болса, табиғаттың өзінен үйреніп,
оны қорғауға тиіспіз...
«Инабат» кітабынан
• Мәтіннің тақырыбына сәйкес ат таңда. Себебін түсіндір.
Answers & Comments
Ответ:
Мәтін адам мен табиғат,тіршілік иелері жайлы.
Тақырып Адам мен табиғат.Себебі бұл мәтін адаммен,табиғатпен тығыз байланысты.