11. Мұқағали Мақатаев кім?
A) көрнекті жазушы
B) саясаткер
C) қылқалам шебері
D) ақиық ақын
E) танымал биші
12. Синоним сөздер қатарын анықтаңыз
A) сауыт-сайман, батыр
B) байырғы, ежелгі
C) бұрынғы, көсем
D) ер-тұрман, патша
E) танымал биші
13. Антоним сөздер қатарын анықтаңыз
A) сауыт-сайман, батыр
B) бұрынғы, көсем
C) дос-дұшпан
D) ер-тұрман, патша
E) танымал, атақты
14. Қазақстанда Ата заң (Конституция) күні қашан тойланады?
A) 1 мамыр
B) 16 желтоқсан
C) 6 шілде
D) 22 наурыз
E) 30 тамыз
15. Бүкілхалықтық Президент сайлауы қай жылы өтті?
A) 2012 жыл
B) 1991 жыл
C) 1993 жыл
D) 1995 жыл
E) 1992 жыл
Оқылым. 1. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз.
Ертеде адамдар ауыр жүкті арқалап, жаяу тасыған. Кейін көлік ретінде үй жануарларын пайдаланған. Қазақ халқы ат, түйені көлік етіп мінсе, бірқатар шығыс халықтары есек, бұқаларды, үндістер пілді көлік қылған. Солтүстік аймақтарда иттерді шанаға жегіп, көлік ретінде пайдаланады. Бірте-бірте адамдар күймені, ат-арбаны ойлап тапқан. Күймемен баратын жерлеріне жеткен. Ат-арбамен шөп, ауыр жүк тасыған.
Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Бүгінде көліктің түрі көп. Оларды суда жүзетін, жерде жүретін, әуеде ұшатын және жерасты көліктері ретінде бірнеше топқа бөлуге болады. Барлық көлікте қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Ол сені түрлі апаттардан сақтайды.
Қайық – көліктің ең ескі түрі. Алғашқы қайықтар ағаштан жасалып, айналмалы ескектің көмегімен жүретін. Ежелгі мысырлықтар шамамен 5000 жыл бұрын өзенде, теңізде жүзу үшін алғаш рет желкенді пайдаланды.
Бүгінде кемелер сауда-саттық, құрылыс үшін, әскери мақсатта адам мен тауар, т.б. тасымалдауда падаланылады. Су көліктері айлақтар мен теңіз порттарын тұрақ ретінде қажеттеріне жаратады. Кемелерге арналып белгіленген теңіз бағыттары болады. Олар айлақтарға да белгілі кесте бойынша келеді. Қазіргі кезде зымырандай тез жүретін кеме көп. Жолаушылар мұндай кемелермен саяхаттауды ұнатады.
16. Ертеде адамдар көлік ретінде нені пайдаланған?
А) үй жануарларын
B) жабайы аңдарды
C) құстарды
D) ұшақтарды
E) жеңіл көлікті
17. Ежелгі мысырлықтар теңізде жүзу үшін алғаш рет желкенді қашан пайдаланған?
A) 500 жыл бұрын
B) 2000 жыл бұрын
C) 3000 жыл бұрын
D) 4000 жыл бұрын
E) 5000 жыл бұрын
18. Көліктің ең ескі түрін ата?
А) ат
B) түйе
C) қайық
D) ұшақ
E) піл
19. Үндістер нені көлік еткен?
А) ат
B) түйе
C) бұқа
D) піл
E) қайық
20. Жолаушылар немен саяхаттауды ұнатады?
А) қайықпен
B) кемемен
C) ұшақпен
D) түйемен
E) есекпен
2. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз.
Туризм – адамның бос уақытында өз еркінше көңіл көтеріп, демалуы, басқа жерді көріп қызықтауы, ерікті түрде саяхаттап, серуендеуі. Қазіргі кезде туризм – табысты әрі тез дамып келе жатқан халықаралық сауда сегменттерінің бірі. Халықаралық туризімнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспертоның 37 пайызын құрайды.
Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты түрде үшінші орын алады.
Туризм туристер баратын жаңа аумақтар есебінен дамып отырады. Қазақстанның табиғи-географиялық жағдайы әлемдік туристік нарықта лайықты орын алуға мүмкіндік береді. Қазіргі туризм жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен байланысты. Бұл – адамның демалуға бос уақытын еркімен өткізуге құқықты екеін көрсетеді. Ол жеке адам, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсінікті байқатады.
21. Туризм дегеніміз не?
А) Бос уақытын өз еркінше өткізу
B) Демалыссыз өткізу
C) Табыс көзін көру
D) Пайда көру
E) Ол жеке адам құқығы
22. Туризм бизнестің қай түріне жатады?
А) Туризм бизнестің ең табысты да,қарқынды дамып келе жатқан түрлерінің бірі.
B) Халықаралық
C) Турфирма,көлік түрлері,мейрамхана кешендері,демалыс үйлері,шипажайлар,ұлттық парктер,тамақтану сферасы және т.б.
D) Туризм бос уақытын жұмыспен өткізеді
E) Туризм туристер баратын жаңа аумақтар емес
23. Туризм неге әсер етеді?
A) Халықаралық туризімнің экспортқа шығаруға
B) Адамзаттың жағдайына әсер етеді
C) Демалуына әсер етеді
D) Ақшасына әсер етеді
E) Қоғамға әсер етеді
24. Адам қажеттілігінің қайсысы туризмге қатысты?
А) Үйдің болуы
B) Ұрпақ жалғастығы
C) Жаңа әсер алу
D) Киімдердің көптігі
E) Тамақтың көптігі
25. Шетел тілін меңгеру, тілдік ортамен қарым-қатынас туризімнің қай түріне жатады?
А) Экологиялық туризмге
B) Оқу туризмге
C) Хобби туризмге
D) Іскерлік туризмге
E) Экзотикалық туризмге
Answers & Comments
Ответ:
11) D
12) D
13) C
14) E
15) B
16) A
17) E
18) C
19) D
20) B
21) A
22) A
23) A
24) C
25) B