Қай халықтың да қадір тұтары - өзінің сөзін сөйлеп, кегін қуар басшысы мен батыры. Екеуі де тек халықтың ғана бойынан табылар сарқылмас жігер мен шабыттың, сана мен сабырдың, тәуекел мен арманның түлегі. Екеуі де жұртын елдікке бастаса, қайсыбір жұмыр басты пенденің болсын өресі жетпес ерен ерлікке, кемел кісілікке бастары хақ. Екеуі де тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кемсіз пішер кемеңгер ақылдың көрінісі . Ал, осы екі қас қасиет те бір басына сыйып, бағына біткен қазақ елінің асылы,әйгілі шешен,атақты батыр-Сырым Датұлы. Сырым Датұлы – қазақ тарихында ерекше орын алатын тұлға. Ол өзі өмір сүрген заманында тек қазақ даласында ғана емес, сол кездегі қазақ даласымен көршілес өзбек, қырғыз, түрікмен елдеріне даңқы жайылған, түріктілдес елдерге де аты шыққан тарихи тұлға. Қазақтарды енді ғана бодандыққа ала бастаған ресейліктер қазақтың Сырым батыры жайлы хабар, жаңалықтарға құлақтарын ерекше түріп отырған.
Тарихшылар көп жағдайда Сырым Датұлының батырлығы мен ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты іс-қимылдарына көбірек назар аударып, оның қазақ даласында жүргізген өзін-өзі басқаруға байланысты жаңашылдығын көлеңкеде қалдырып жүр. Ең алғашқы төменгі әкімшілік басқару құрылымы Париж коммунасы (1789-1794) деп саналып келсе, Сырым Датұлы - одан төрт жыл бұрын қазақ даласында халықтың өзін-өзі басқаруының негізін қалаған адам. Ең алғаш рет қазақ даласындағы хандық басқарудың орнына Кіші жүз аймағында халықтың өзін-өзі басқару түрі - Халық жиналысын енгізіп, осы басқару түріне көшуге патшалық Ресейді көндіріп, отар болған қазақ даласында алғаш рет Ресей заңына емес, қазақ даласының ата-баба қалдырған ережелеріне бағынатын әкімшілік аймақ құрды. Осы заңның арқасында сол кездегі мылтықпен қаруланған орыс казактарының қазақ ауылдарына шабуыл жасап, тонау мен малын айдап әкетуіне тосқауыл қойды. Қазақтар Жайық өзеніне жақындауға, жағалауына қоныстауға мүмкіндік алды. Әрине, ғасырлар бойғы қалыптасып келген қазақ даласындағы хандық басқарудың орнына Халық жиналысын енгізу ол заманда өте қиын еді. Сырым Датұлы бұл өзгерісті жасау жолында өзінің қара қылды қақ жарған билік абыройы, батырлығы, шешендігі сияқты сирек кездесетін қасиеттері мен данышпандық даналығының арқасында атқарды
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение: