12. Берілген өлең жолдарын эпиграф етіп алып, «Ата заң және Тәуелсіздік» тақырыбында эссе жаз. Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына, Тікелей әсер еткен ғұмырына. Айналды Ата заңым мызғымайтын Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына! 12 тапсырма
Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат - Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Қазақтан Республикасының Конституциясы - мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, әділет жолын көрсетер айшықты құжат. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстан Республикасының Конституциясы әлемдегі жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен.
1993 жылғы алғаш қабылданған Конституцияның мәні мен маңызына келер болсақ, Негізгі құжат Президенттің көрсеткен мақсаты бойынша төрт мәселеге жауап беруі тиіс. Бірінші, мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін нығайту, екінші - экономикалық реформаны жүргізе отырып, елді сол кездегі терең дағдарыстан шығару, үшінші - жас мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, төртінші - ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл төрт мақсатты шешіп беретін баптар алғашқы Конституцияда қамтылмады. Уақыт өте келе, заман ағымына, сұранысына қарай, алғашқы Конституциямыздың кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шықты. Сондықтан, екі жыл өткен соң 1995 жылдың 30 тамызында қазіргі Негізгі Заң - Конституция қабылданды. Бұл Конституциямыздың басты авторы - Тұңғыш Президент - Н.Ә.Назарбаев. Тағы да бір ескеретін жайт, тұңғыш рет бүкілхалықтық талқылауға салынған да, елдің көптеген пікірі ескерілген Негігзі заң да осы - 1995 жылы қабылданған Конституция
Answers & Comments