помогите пожалуйста написать короткое сочинение на тему тіл - ұлттың жаны! 12.09 уже проверять сочинение (
Answers & Comments
saposh555
Тіл-ұлттың ұлт болып қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Тіл жай ғана сөз емес, өмірдің талай сыны мен соқпағынан өткен, заман талабына сай өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, қателесе қоймаспыз. Талай ақынның қыл қаламынан жыр төгілткен, осы тілде қаншама қайнар күш бар дерсің-ау?! Өзің дүние есігін ашқан сәттен бастап-ақ, шама шарқыңа қарап шүлдірлеуден бастайсың. Ол саған ана сүтімен, әкенің қанымен беріледі. Керемет алпауыт күштің иесі боласың. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тілдің адам өмірі үшін мәні айырықша. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадыңда жатталып, бақытқа жеткізеді.
Answers & Comments
Әр халықтың өз ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тілдің адам өмірі үшін мәні айырықша. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадыңда жатталып, бақытқа жеткізеді.