15. Өлең жолдарынан жатыс септікте тұрған сөздерді тап.
Еңбекте біз ерміз,
Өнерде асқар белміз.
а) біз ерміз
ә) еңбекте, өнерде
б) асқар белміз
16. Сөйлемнен көмектес септігінде тұрған сөзді белгіле.
Марат театрға атасымен келді.
а) Марат
ә) театрға келді
б) атасымен
17. Берілген сөйлемдердің ішінен табыс септігі бар сөйлемді тап.
а) Түлкі ірімшіктің исін сезді.
ә) Түлкі ірімшікті жеп қойды.
б) Түлкі ірімшікке тойды.
18. Барыс септігінің жалғауларын көрсет.
а) -мен, -бен, -пен
ә) -ға, -ге, -қа, -ке
б) -дан, -ден, -тан, -ген, -нан, -нен
19. Жатыс септігі бар сөз тіркесін тап.
а) сөмкеде тұр
ә) сөмкеге салды
б) сөмкеден алды​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2025 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.