«Халық санының өсуі қоғам дамуының көрсеткіші бола ма?» эссе, 150 сөз:
Бұл сұраққа тереңнен жауап іздемес бұрын,әуелі мына бірнеше сауалға жауап беріп көрейік.Қоғам деген не?
Демография деген түсінік нені білдірмек?
Адам саны өсуінің тенденциясы қалай өзгеруде?
Елдің дамуы өркениеттен бастау алады. Ал өз кезегінде, өркениет дамуында қоғамның дамуы ерекше рөл атқарып, айрықша орын алады. Бұған дәлел, елдің мәдениеті, саяси құндылығы байыса, қоғам нығая түседі. Әлеуметте тығызданып, ортақ мүддені көздейді. Қоғам — бір аумақта, бір мүдде аясында жиналған адамдар тобы. Қоғамда орны бөлек әрі басты рөл атқаратын жаратылыс ол сөзсіз — адам. Адам саны әр сәт сайын көбеюде, бұл мәлім факт. Демографиядан да белгілі, туу дәрежесі Қазақстан мемлекетінде жоғары көрсеткіштерге ие болып отыр.Және жаһандық дәреже де туу қарқыны аз емес. Енді басты сұраққа жауап берсек: жалпы халық мөлшері арқан сайын қоғамның жетілуі, алға қарай аяқ басуы бола ма? Менің ойымша, ел санының өсуі үлкен жетістіктерге, қоғамның гүлденуіне айрықша пайда әкеледі, дегенмен оны қарқындаудың көрсеткіші болады деп айтуға келмейді. Ол алғашында табыстар әкеледі деуге болар. Себебі, адам саны көбейген жағдайда жұмысшы күші, еңбек өнімділігі күрт артуы мүмкін. Бұл өз кезегінде елдің экономикасын асқақтатуға себепші болуы әбден мүмкін. Сонымен-қатар, халық саны артса, жаңашылдық, ғылым ортада, мәдениетте тансық дүниелер ашылуы мүмкін. ҒТР да бұрын-соңды болмаған жаңалықтар пайда болуы мүмкін.Қалай қарасаңыз да, әр нәрсенің кері әсері немесе зияны(осал тұстары) табылады. Жер тұрғындарының артуы қоғам және қоғам салаларында өзіндік кері ықпалын сіңіреді. Мәселен, адам саны көбейсе, жердің адам санының орналасу тығыздығы күрт өсуі мүмкін. Артынша бұл үлкен мәселелердің бастауы болмайтынына кіп кепіл?! Оған қоса, адам саны көбейсе, өлім-жітім, ауру-сырқат, індет-дерттің сан-алуан түрі шығуы мүмкін. Адам басы көбейе берсе, материал, тұрмысқа қажет зат, қарапайым, мысалы, азық түліктің өзі тапшылыққа ұшырауы әбден мүмкін.Негізінде көптеген демографтар адам санының көбеюі қоғамға пайдадан гөрі зала әкеледі деп отыр. Осыдан не түюге болады.Халық саны өссе бұл жаман дүние емес, әбден жақсы және жемітсі жағдайлардың бірі. Бірақ қоғамның дамуы тек осы туу санының жоғарылауына қарап қалмаған, оның өзіндік үлкен факторлары бар. Яғни, халық санының артуының пайдасы да, әкелер зияны бар.
Answers & Comments
Бул дегенымыз Халыктар кобейып олар шаруашылыктын осуыне комектесты