«Қазақ тілі Ті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
тапсырмалары Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер
келтіре отырып, дәлелді жауап беріп, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. O3
көзқарасыңызды жан- жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелденiз
[10]
1-мәтін
Соғыс күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер
бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп,
елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін
мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, еш нәрсе
де ұмытылған жоқ.
Соғыс атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті -қан жылататын, қайғы-қасіретке толы
қаралы сөз. Осыдан 74 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді.
Неміс фашистерінің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас
ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистер мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді. Өзара
одақ құру арқылы Германия, Италия секілді елдер бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болған.
Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған фашистер жоспары іске аспай,
өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақтан атсалысты.
Р.Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта
ізін
қалдырды. Б.Момышұлы
Ә.Молдағұлова М.Маметова Т.Бигелдинов М.Ғабдуллин секілді батырларымыздың ерлігі
арқасында қазіргі тату өмірімізге, бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге жеттік. Қазіргі
таңда батырларымыздың ерлігіне орай шаралар өтуде, тіпті, есімдеріне байланысты көшелер,
кітап-жинақтары, ауыл атаулары берілді. Батырларымыз болашақ ұрпақ үшін жанын құрбан
03
етті.
https://www.zharar.com/kz/shygarına/501-otan_9_mamyr.html#read (150 ce3)
Әмәтіні
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық
болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып
алып тастаған. Тіпті, арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген
қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына
анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар
жауынгерлеріміздің бірі – Бауыржан Момышұлы еді. Ұзын бойлы, қара сұр Момыштың ұлы
Бауыржан сол кезде отыздың үстіндегі жас жігіт болатын. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген
адам – опасыз, оңбаған адам», - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын
өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз
халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Бауыржан Момышұлының тұлғасы кімге болса да
музарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді.
1941 жылы Мәскеу түбіндегі қанды шайқастарда теңдесі жоқ ерлігімен әлемді дүр
сілкіндірген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының батальон командирі ретінде қапияда
ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлігімен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы
атанды. Жеңістің 65 жылдық мерейтойы қарсаңында қаһармандық пен өшпес ерлігі үшін
Мәскеу халқы құрметтеп, үлкен сый жасады.
http://bilimdiler.kz/okushi/16012-shygarmalar-toptamasy.html (150 сөз)
Answers & Comments
Ответ:пж
Объяснение: