3.Сұрақтарға жауап бер 3 ұпай/0,5/ -Аңшылық пен саятшылық дегеніміз не? /2 жауап/ -Құсбегі дегеніміз кім? /1 жауап/ -Қансонарда дегенді қалай түсінесің? / жауап/ -Құсбегі баптайтын құстарды ата /2 жауап/ -Ертеден басталған аңшылықтың ретін жаз /5-6 жауап/ -Төрт түлік малдың пайпасын жаз /5-6 жауап/
Answers & Comments
Ответ:
1 Саясатшылық-( мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген.
Аңшылық – түз жануарларын аулау кәсібі.
2 Құсбегілік– бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын, жағалтай сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнердің бір тармағы. Құсбегілік жаһанда кеңінен тараған, оның ішінде бүркітшілік қазақ, қырғыз халықтарының дәстүрлі ежелден келе жатқан үлкен төл өнері ретінде саналады. Қазақ халқының арасында бұл өнердің тамаша шеберлері кең дәріптеледі.
Қансонар. Жерге алғашқы жауған қар аңның бейқам жайылып, тіпті жаңа ғана қашып өткеніне дейін білдіреді. Аңшылар ондайда ізге түсіп қуа ма, әлде із кесіп барып аңның байырқалаған жеріне төте тарта ма, оны өзі біледі. Аңшыға жаңа, соны із арқылы қолайлы жағдай тудырып тұрған саятты "қансонар" деген.
Құсбегілер қыран құсты тор құрып ұстайды немесе қарақанат балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Құсты әуелде шыжыммен ұшырып, қайыруы жеткен соң семіртіп түлетеді. Бұдан кейін құсты ақжеммен асырап, бос керілген арқанга қонақтатып, ұйқысын алып арытады. Жеңіл ұшып, жеңіл қонатын күйге келгенде аңға салады.
Адамзат алғаш әлемде пайда болған кезден-ақ өзін қоршаған ортаға үйлесе өмір сүруге талпынған. Күн көріс қарекетімен әуелден әртүрлі табиғаттағы жабайы жеміс-жидекті теріп жей келе, аң-құс аулауға машықтана бастады. Мұны дала мәдениетінде сақталып қалған көне жәдігерлер дәлелдеуде. Әсіресе тасқа «қашалған» аң-құс аулаудағы бейнелер соның айғағы іспетті. Аңшылық - адамзаттың ең көне және ең алғашқы күнкөріс қарекетінің бірі болғанымен, уақыт өте келе кәсіпке ұласып, орта ғасырдың соңына дейін шаруашылықтың негізгі бір түріне айналды. Тарихи даму барысында табиғат ананың қорының, дәлірек айтсақ аң-құс фаунасының қатарының сиреуі, адамзат баласының санының күрт өсіп, экологиялық апаттың қылаң беруі мен технократтық өркениеттің кең қанат жаюы аңшылықты тежеуге мәжбүрледі. Әрі діни фактордың күшеюі, адамдардың ақыл-парасатының арта түсуі, өркениетті қоғам элементтерінің дамуы табиғатқа деген қамқорлықты арттырды.
Төрт түлік малдың пайдасы мен қасиеттері қазақ дәстүрінде өте жақсы және тиімді сипатталған. Қазақтар
төрт түлік малға түйе, жылқы, қой мен сиырды жатқызады. Төрт түлік мал қазақ ауыз әдебиетінде жиі қолданылады және оларға арналған мыңдаған туындылар жазылған. Адамдар төрт түлік малды өте қасиет тұтқандықтан, олардың әрқайсысына Ойсылкара, камбар ата, жылқышы ата, зеңгі баба деп ат берген. Әсiресе, халық түйені байлық, көлік және азық ретінде аса қадірлеген. Төрт түлік малға арналған көптеген мақал-мәтелдер халық арасында өте жақсы таралған. Сонымен қатар, жылкы,қой, ешкі және сиыр малын да казактар аса жоғары бағалаған. Әрине, казактар жылқы малын аса қастерлеп, пір тұтқан. Жылқы малы - өте төзімді, ыңғайлы және жылдың әр мезгілінде жем не шөп тілемей жайыла береді. Оның еті мен сүті де адамның денсаулығына пайдалы екендігі баяғы заманнан белгілі. Жылқы малы бетегелі және селеулі жерлерде өскен. Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы - түйе. Қазақта «Түйелі бай қонады сортанды алып» деп басталатын туынды бар. Бұлай деудің себебі, баяғыдағы түйелер тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің бойларына, шебі ащы, сортаң жерлерге конатын болған. Көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе. Оның ішінде ең төзімдісі әрі
мықтысы - жалғыз өркешті нар. Қазақтың
<<Нар жолында жүк қалмайды»деуі
содан.Туйе жолға да шыдамды. Оның жейтін
ащыларының ішінде тұз да бар. Түйенің етін бұл түлікті бақпайтын ел ұнатпайды, ал бағатындары оған құмар. Түйенің түбіті мен шудасы аса қадірлі боп саналады. Түбіттен иіріп тоқылған киім жылы, төзімді болады. Шудадан жіп еседі. Оның сүті де шипалы. Ғалымдардың дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық саналады. Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі.Ол адам үшін киім де, тамақ та. Киім дегенде, койдың жүнінен гөрі ертедегі көшпенді халыққа терісі асыл болған. Қазақ қойының жуні киіз басуға, кілем тоқуға,
байпак, пима дайындауға жұмсалады. Негiзiнен койдың азықтық және киімдік қасиеті
басқа түліктерден артық. Онымен бірге ол өте шыдамды болып келеді. Ешкi де дәл койдай. Олардың сүтінен ұйытқан айран, құрт
пен ірімшік халықтың сүйікті асы. Ешкі малының тубiтiнен ең жақсы шәлі токылады,оның қылшығынан есілген жіп ең берік болып саналады. Мал
шаруашылығындағы тағы бір түлік-сиыр.
Сиыр малы өріске кетіп,мезгілінде өзі орлады. Аязды күндері сиыр тек корада ғана кутiледi. Сондықтан басқа малдарға қарағанда ол күтiмдi көбірек керек етеді.