Айтыс өлеңдерінің әдебиет тарихынан алатын орны мен мәні ерекше. Өйткені, бұл жанр аса бай халық әдебиетінің ертеден-ақ өнімді де арналы жеке бір саласын құрап келді. Тіпті, ол бүгінгі өмірімізді бейнелеуге де елеулі үлес қосып отыр. Сондықтан бұл жанрдың суырыпсалма (импровизация) дәстүріне қарым-қатынасы мен өзіндік табиғи белгі-сипаттарын, оның сан ғасырлар бойы даму ерекшеліктері мен бүгінгі айтысқа жалғасу жолдарын, айтыстағы шындықтың орны мен көркемдік мәселесін арнайы зерттеу қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының басты міндеттерінің бірі болып саналады.
Айтыстың дәстүрі бізден басқа қырғыз, қарақалпақ, алтайлықтармен қатар түрік елінде де бар, дегенмен олардағы айтыс дәл біздегідей көлемдік, көркемдік биік деңгейге көтеріле қоймаған. Мұның халқымыздың ғасырлар бойғы кәсіп-тіршілігі мен салтына, әдет-ғұрпына байланысты көрініс тапқаны ешбір дау туғызбайды. Сондықтан еліміздің рухани өмірімен ертеден біте қайнасып бірге жасап келе жатқан бұл қайталанбас өнер ұлттық мақтаныш ретінде бағалануға тиіс.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: