1.Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты.
Адам баласы жалғыздықта өмір сүре алмайды. Әрдайым арқа сүйенетін адамға мұқтаж болады. Заман ағымына қарай адамдық құндылықтар да, қасиеттер де өзгеріп бара жатыр. Әрбір адам өзінің жағдайын ғана ойлайды. Сол сияқты бізді ата- анамыз асырайды, оқытады, тоқытады, біз үшін бәрін беруге дайын. Қартайған шағында кез келген ата-ана көмекке зәру болады. Өз құрсағынан шыққан сәбиден әрине жақсылық күтеді. Ең жақын адамдарымызды бағалайық.

2. Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен - кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды. Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, — деді Ұят. Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың ағаттық істеріне жауапкершілікті сезіндіремін - дейді Ар. Сонда Намыс тұрып: Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныпты, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілігін сезіндіремін, - дейді. Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп: О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың - адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам - нағыз адам. Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді - бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар деп бата беріпті. Содан бері намыс - ағасы, ар - інісі, ұят - кіші інісі болып, бірге өмір сүріпті.
.
1. Екі мәтіндегі ақпаратты салыстырып, ортақ болатын тақырыпты анықтаңыз.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.