“Ескендірнаме” дастанының басты қаһарманы — Шығыс елдерінде “Ескендір Зұлқарнайын” деген есіммен мәшһүр болған қадым заманның даңқты әскери қолбасшысы Александр Македонский. Македонскийдің тарихи деректерге негізделген шынайы ғұмырнамасын ұлы қолбасшының үзеңгілес достары Клитрих пен Онесикрит жазғаны мәлім. Ал шығыс шайырлары сол ежелгі дәуірлердің өзінде-ақ халықтың “әділ патша”, “кемеңгер патша”, “қайырымды патша” жөніндегі арман-қиялын негізге ала отырып, Македонскийді көкке көтере мадақтайтын әр түрлі дастандар жаза бастаған. Тіпті оны Мысыр елінің қадым заман патшалары — перғауындардың асыл текті ұрпағы екен деп те жырлады. Әлем әдебиетінде Александр Македонскийдің әскери жорықтарын жырлаған 200-ден астам дастан бар.
Ал, Низами жазған “Ескендірнаме” — солардың бәрінен де шоқтығы биік тұрған, Шығыс поэзиясында теңдесі жоқ көркем туынды. Низами “Ескендірнаме” дастанын Александр Македонский жөніндегі қыруар көп тарихи деректер мен аңыз-әфсаналарды негізге ала отырып жазған. Ол осы шығармасы арқылы өзі өмір сүріп отырған дәуірдің ең күрделі де көкейкесті сауалдарына — “мемлекетті қалай басқару керек”, “қандай адам патша тағына отыруға лайықты” деген сұрақтарға ойшыл ақын ретінде жауап іздейді. Ақын бұл сауалдардың жауабын ежелгі грек, көне түрік және байырғы қытай мен үнді ғұламаларының философиялық ілімдерінен іздеп, солардың дүниетаным саласындағы ой-тұжырымдарын оқырман қауымға ұсынады. Сөйтіп, Низами әлемге әмірін жүргізген Александр Македонский жорықтарын жырлау арқылы мұсылмандық Шығыс поэзиясында тұңғыш рет мәжүсилік (зороастризм) салт-сананы, ислам қағидаларын және көне грек ойшылдарының ілім-білімін өзара үйлестіре отырып, адамзат қоғамының ақыл-парасат пен ғылымға негізделген үйлесімді даму жолын ұсынады. Низами дастанында алыс өлкелерге әскери жорықтар жасаған кемеңгер қолбасшы Ескендір барған жерлерінде мәжүсилік дәстүрлерді де, ислам шарттарын да, ежелгі грек ойшылдарының философиялық ой-тұжырымдарын да жан-жақты білетін, әрі оларды барынша құрметтейтін жан болып шығады. Бұл арқылы Низами мемлекетті әділдік жолымен басқару керек, патша тағына отыратын адам халық қамын ойлайтын, жан-жақты білімді, өнер, ғылымға қамқорлық жасайтын, биік парасат иесі болуға міндетті деген тұжырым жасайды. “Ескендірнаме” дастанының бірінші бөлімі саналатын “Даңқ кітабы” — Ескендірдің өмірге келуін, Аристотельмен бірге тәрбиеленуін, жастық шағында Батыс пен Шығыстың ұлы ғұламаларынан дәріс алғанын, ер жете келе патша тағына отырғанын жырлаумен басталады. Низами Ескендірді сыры беймәлім алыс өлкелерге, қатерлі әскери жорықтарға тек ержүрек батыр ретінде ғана емес, сонымен бірге, бүкіл әлемнің құпиясын жетік білетін ғұлама жан, данышпен қолбасшы бейнесінде аттандырады. “Даңқ кітабында” Ескендір қалың қол бастап, алыстағы Мысыр, Иран, Дербент, Хорасан, Балх, Үндістан, Қытай өлкелеріне, Сақ даласына жорық жасайды. Алайда Ескендірдің алдына қойған негізгі мақсаты бұл елдерді қарудың күшімен жаулап алу емес, қайта сондағы өз билеушілерінен қорлық көрген халықты “әділетсіз патшалардың зорлығынан” құтқару болып табылады. “Даңқ кітабының” шытырман оқиғаларға толы сюжеттік желісі дастанның басты қаһарманы Ескендірді әлемде әділдік орнату үшін күресуші данышпан қолбасшы, әрі бүкіл адамзаттың қамқоршысы, кемеңгер патша дәрежесіне көтеріп бейнелеумен аяқталады. “Ескендірнаменің” екінші бөлімі — “Бақыт кітабында” Ескендір өзінің ең соңғы әскери жорығына аттанып, бұрын-соңды ешкім көріп білмеген таңғажайып өлкеге тап болады. “Күн нұрына бөленген” осы елдегі адамдардың бәрі бірдей бақытты екен. Өйткені мұнда құл да жоқ, қожайын да жоқ, кедей де жоқ, бай да жоқ. Бұл елдің адамдары бірін-бірі күндемейді, дүние-мүлікке қызықпайды, өтірік-өсек айтпайды, есіктеріне құлып салмайды, бау-бақшаларын қоршап қоймайды. Дастанда Ескендір “шынайы әділдік орнаған” осы ғажайып елге келген соң ғана өз өмірінің түпк
Answers & Comments

Объяснение: