2. Тапсырма.
Мәтіндегі оқшау сөздерді теріп жазыңыз. /Кездеспеген жағдайда «Жоқ» деп жазыңыз /
1)Қаратпа сөз ____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
2) Қыстырма сөз __________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
3) Одағай сөз ___________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Answers & Comments
Қаратпа сөз Қаратпа сөз – сөйлемде айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру не оған басқаның назарын аудару мақсатында жұмсалатын сөз немесе сөз тіркесі . Қаратпа сөз , сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей , ерекше әуенмен айтылады , сөйлеушінің көңіл күйін , моральдықты білдіреді . Қаратпа сөз болатындар : жалқы есімдер , туыстық атаулар , эмоционалдық мәнді сөздер , көркем әдебиетте жан - жануар , жер - су атаулары т.б. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе , одан кейін үтір , не леп белгісі , ортасында келсе , екі жағынан үтір белгісі , соңында келсе , оның алдынан үтір қойылады . Мысалы : Балам , жөніңді айтшы , бізді көрсең сәлем бер деп әкең айтып па еді , жоқ өздігіңнен істедің бе ? — деді . ( М. Әуезов ) Сөйлей бер , ақ домбырам , дүмбірлеген ( Жамбыл ) . Ау , қызғыш құс , қызғыш құс , Қанатың қатты , мойның бос ( Махамбет ) .қыстырма сөз 1. Шынында , ол аса талантты әрі іскер адам . ( Қыстырма сөз - Шынында ) 2. Қап , мұны білгенімде , келмес едім . ( Қыстырма сөз - Қап , бәлем ) 3. Ендеше , Саматты осы әдетінен қалай арылтамыз . ( Қыстырма сөз - Ендеше ) 4. Меніңше , Асан - сабырлы , салмақты , мәдениетті адам . ( Қыстырма сөз- Меніңше ) 5. Біріншіден , сабақты қорыта айтқанда . ( Қыстырма сөз- Біріншіден ) 6. Бәлкім , менікі дұрыс емес шығар . ( Қыстырма сөз- Бәлкім ) 7 . Менің байқауымша , мектепте кітап жеткілікті емес . ( Қыстырма сөз- Менің байқауымша ) 8. Дүниеде , сірә , сендей маған жар жоқ . ( Қыстырма сөз- сірә ) 9. Әрине , бұл іс бәріне ортақ . ( Қыстырма сөз- Әрине ) 10. Сол себепті , егіннің өсуі ғажап . ( Қыстырма сөз- Сол себепті )Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн (бұ да); Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов) дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен.[1