1.Етістіктің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) анықтауыш Е) пысықтауыш
2.Қай сөйлемде етістік бастауыш қызметін атқарып тұр? А) Балалы үй –базар. В) Үндемеген ұтады. С)Сабыр түбі – сары алтын. Д) Бүгін бізде алты сабақ болады. Е) Сыйлағанды сыйлай білу керек.
3.Тұйық етістікті табыңыз А) оқып В) көрген С) айтпақ Д) білгелі Е) сарғаю
4.Туынды етістікті табыңыз А) жатырқа В) жамыра С) ойла Д) айт Е) көр
5. Бір сыңары зат есім болып келген күрделі етістікті табыңыз А) жүре бер В) жазып отыр С) келе жатыр Д) ән салды Е) тыңдады
6.Сабақты етістікті табыңыз А) кетті В) келді С) ұйықтады Д) оқыды Е) жатты
7.Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті табыңыз А) биледі В) билер С) билеген Д) билепті Е) билейді
8.Жедел өткен шақта тұрған етістікті табыңыз А) көріп отыр В) көреді С)көрді Д) көрген Е) көріпті
9) Емлеге сай жазылған тұйық етістікті табыңыз А) тасыу В) кепу С) жуу Д) жайу Е) суыу
10.Бастауыш қызметіндегі тұйық етістікті табыңыз А)Үлкенге- құрмет, кішіге – ізет В)Денсаулықты сақтау керек. С) Темекі шегу денсаулыққа зиян. Д) Сауысқанның тамағы шоқуменен табылады. Е) Үйге қайтуымның себебін айтып түсіндірдім.
11.Жоқ, емес сөздері етістіктің қай түріне жалғанғанда болымсыздық мәнге ие болады? А) етіс түріне В)рай түріне С) көсемше түріне Д) шақ түріне Е) есімше түріне
12.Бұрынғы өткен шақта тұрған етістікті табыңыз А) сөйлесті В) сөйлеспек С) сөйлескен Д) сөйлесші Е) сөйлесер
13.Етістік қандай жағдайда бастауыш болады? А)Шақ, рай тұлғасында жіктеліп В)Көсемше тұлғасында қимылдың амалын білдіріп С) Есімше тұлғасында септеліп Д) Есімше, тұйық етістік атау септігі тұлғасында Е) Тұйық етістік ілік септігінде
14.Тұйық етістікті көрсетіңіз А) алтау В) сұлу С) бау Д) отау Е) дау
15.Дара етістіктен жасалған анықтауышты табыңыз А)Ұялған кісі қарап тұрмайды. В)Аузы күйген үрлеп ішер. С) Сөз тапқанға қолқа жоқ. Д) Тәртіпке бас иген құл болмайды. Е) Ойлап сөйлеген адамның қатесі аз.
16.Салт етістікті табыңыз А) Сәлмен қария бұл ауылды білмейді В) Малды бақсаң, қой бақ. С) Ол кино көрді. Д)Әсем сылқ-сылқ күлді. Е)Қолыңды қалтаңа салып тұрма.
17.Қай етістің жұрнағы сабақты етістікті салт етістікке айналдырады? А) өзгелік В) өздік С)тұйық Д) көмекші Е) ырықсыз
18.Қай жалғау тұйық етістікке жалғанбайды? А)көптік жалғау В)Септік жалғау С)Табыс септік жалғауы Д) Тәуелдік жалғауы Е)Жіктік жалғауы
19.Құранды етістіктің негізгі сыңары қандай сөзден болады? А) көмекші сөз В) есім сөз С) туынды сөз Д) тұрақты тіркес Е) есімше
20.Сөйлемнен құранды етістікті табыңыз. А) Мен балмұздақты жақсы көремін. В) Біз сурет салып отырмыз. С) Анам бүгін келеді. Д) Болат жазған екен. Е) Кел сөйлесейік.
Answers & Comments
Ответ:
1е
2с
3а
4в
5а
6е
7д
8в
9а
10е
11д
12с
13а
14а
15в
16с
18с
19е
20а
Объяснение: