Бұл ағаш манцинелла деп аталады.Оның айналасында қызыл ленталар жиі байланып тұрады-бұл адамдарға ағаштың маңына жақын жолауға болмайды деген белгі.
Ол ағаштың маңынан екі метрдей қашықтықта жүрген жөн. Оның жемісі "ранетка" алмаларына ұқсас, оның дәмін татқан адамға бірден жедел жәрдем көмегі қажет болады. Манцинелла ағашынан бөлінетін сүтті сөл адам терісін күйдіріп жібереді.
Қабығы да улы, манцинелла ағашын өртесе, оның түтінінен көздің соқыр болып қалуы мүмкін. Осы айтылған мәліметтердің арқасында, манцинелла ағашы қазіргі кезде "Гиннестің рекордтар кітабына" әлемдегі ең қауіпті ағаш ретінде енген.
Answers & Comments