1)Кенесары - Наурызбайдың Қазақ тарихындағы орны. 2)Дастан неліктен Кенесары - Наурызбай деп аталды? 3)Дастанның негізгі идеясы қандай? 4) Басқа да қандай батырлар бейнесін көруге болады.
Кенесары - Наурызбай», тарихи жыр. Бұл дастанды Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған. Нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. Бұл жырды тарихшы ғалымдар да, жазушылар да өздерінің зерттеу жұмыстарында, шығармашылық қызметтерінде дерек көзі ретінде пайдаланған. Ұлт-азаттық көтерілісінің ішінде жүріп, оның жалынды жыршысына айналған Нысанбайдың аузынан тараған жыратапған себептерге орай, тарихи жәдігер ретінде де, көркемдік ескерткіш ретінде де ете құнды дүние. Жыр алғаш рет 1875 ж. С. Жантөрин мен Т. Сейдалиннің аудармасымен «Записки Оренбургкого русского географического общества» журналының 3-ші бөлімінде сөзі қазақша, әрпі орысша болып басылды, қазақ тілінде 1912 ж. Қазанда Университет баспаханасында Жүсіпбек Шайхисыламұлы жинап жырлаған жыр нұсқасы «Қисса-и Наурызбай төре Қасым уғлы Қасым Абылайханов» деген атпен жарық көрді. Ә. Диваев жинаған Ж. Басығарин нұсқасы X. Досмұхамедұлының алғы сөзімен 1923 ж. Ташкентте, Н. Төреқұловтың алғы сөзімен 1924 ж. Мәскеуде жарияланды. Бұл басылымдарда Нысанбай жырауға үлкен қиянат жасалды: көтеріліске тіл тигізіліп, мазмұн жағы мүлдем басқа арнаға түсті. Е. Ысмайылов пен Қ. Бекхожин Кенесарыға тіл тигізетін бұрмаланған жерлерді алып тастап, Нысанбайға тән үлгімен жырланатын нұсқаны 1940 ж. өздері құрастырған «Батырлар жыры» деген көлемді жинаққа енгізді. Жырдың түпнұсқаға жақыны 1875 ж. нұсқа мен толық та көркем үлгісі - 1938 ж. ҚР ҰҒА фольклор экспедициясының торғайлық Қашқынбай Қараевтан жазып алған нұсқа. Жыр Кенесары-Наурызбай көтерілісінің шырқау биікке жетіп, әлсіреген кезін, көтеріліс басшысы хан Кененің мұздай каруланған патша әскерінің екпініне тойтарыс беруге шамасы жетпей, атамекенінен еріксіз кетіп, торға түскен жаралы жолбарыс күйін кешкен күйзелісін бейнелейді. Нысанбай жыраудың халық атынан қос батырын жоқтаған мұң-шерге толы зарлы жоқтау жырында көтерілістің, өзекті арнасын үлкен ауқымда қамтып, Кенесары, Наурызбай ерліктерін бұрынғы батырлар жыры дәстүрінде бейнелейді,
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение: