August 2022 1 3 Report
1.Мәтін бойынша 5 сұрақ жаз. 2.Мәтіннен 5 тірек сөзді жаз.
Адам құқықтары мен бостандықтары ( АҚБ ) – жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап , халықаралық - құқықтық құжаттарда бекітілген , әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген , ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары . Адамның қандай да игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін , өз еркімен іс- әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері АҚБ - на жатады . Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған . Мысалы , Аристотель адам құқықтарын " табиғи " және " шартты " деп екіге бөледі . Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды . Орта ғасырда АҚБ жасаған қайырымдылықтар , рақымшылықтар ретінде түсіндірілді . Өндірістік қарым - қатынастардың қарқынды даму сатысында өмір сүрген либерализм өкілдері - Т.Гоббс , Дж.Локк , Ш.Монтескье , Ж.Руссо , И.Кант , Т.Джефферсон , Т.Пейн және т.б. ойшылдар АҚБ - на баса назар аударды . Қағидалардың ең маңыздылары ретінде олар адамдардың еркін ,қауіпсіз өмір сүруге , жеке меншік иеленуге тең құқықтарының болуын , халық биліктің негізгі иесі екендігін , биліктің тармақталуын , биліктің халық мүддесіне қызмет етуі керектігін атап көрсетті . Жүзеге асырылу ортасына қарай АҚБ азаматтық , саяси , экономикалық , әлеуметтік және мәдени болып жіктеледі . Саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында ( 1948 ж . , 10 желтоқсан ) баяндалған . Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша : 1. Қазақстан Республикасында Конституңияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі ; 2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған , олар абсолютті деп танылады , олар дан ешкім айыра алмайды , заңдар мен өзге де нормативтік - құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады "
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.