1.Мәтін мазмұнын түсініп оқы. Ондағы ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтап, 4-5 сөйлеммен
Комментарий жаз.
Қазақ сахна өнерінің қара шаңырағы М.О.Әуезов атындағы академиялық драма театры-ұлттық өнеріміздің
"жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан"дүлдүлдерінің құт мекені. Мұнда шашасына шаң жұқтырмаған
сахна өнерінің небір дүлдүлдері өз шығармашылығымен ұлт театрының тарихына есімдерін алтын
әріптермен жазып кетті. "Алыптар тобы" атанған театр үйінің іргетасын қалаушы Ж.Шанин, С.Қожамқұлов,
Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков, К.Байсейітова, Ш.Жиенқұлова т.б. тобы құрамынан
басталатын сахна шеберлерінің көші келесі кезеңдерде де суалған емес."Ел іші -өнер кеніші" деген
қанатты сөздің растығын театр сахнасына шығып, артына түйдек-түйдек шаң, ұмтылмастай образдар
галереясын тұлпарлар шабысынан байқауға болады. Олар бірінен екіншісі озған
К.Қармысов, Н.Жантөрин, Ә.Молдабеков,Ф.Шәріпова,А.Әшімов,С.Оразбаев,М.Сүртібаев
С.Майқанова,Б.Римова Ш.Жандарбекова С.Телғараев, Т.Жаманқұлов,тағы да басқа өнер иелері сан
қырынан жарқырай көрінген кездер болатын.Сол таланттар шоғырының ішінде өзіндік жолымен,
сахналық кейіпкер сомдау шеберлігімен, алуан тағдырлы образдар галереясымен, артындағы халқы айта
жүрерліктей із тастап жарқырай көрінген талантты актерлер есімі мәңгі есте қалары сөзсіз.Сүбелі рөлдерде
сахнаға алып шығу актер үшін тынымсыз ізденіс күндіз-түні өз кейіпкерінің сан алуан тағдырымен астасып
жатқан өмір мен өнердің бедерлі іздері сайрап жатыр.Олай болса,ол өнер келер ұрпақ есінде жатталынып
мәңгі қалуы- жас өнерпаздарымыз үшін тәлім-тәрбие мектебіне айналуы да бұлжымас заңдылық,
Answers & Comments
Ответ:Қазақ сахнасы өнерінің қара шаңырағы М. О. Әуезов атындағы академиялық драма театры ұлттық өнеріміздің құт мекені. Н. Жантөрин, Ә. Молдабеков, Б. Римова және тағыда басқа таланттар бірінен-бірі озып, сан қырынан көрінген. Өнер иелері өз кейіпкерлерін шеберлікпен сомдап, өздерінің өнерлерін көрсетті. Олардың есімдері мәңгі есте қалады.
Объяснение: