1.
Мәтінді оқыңдар, оқу барысында жақша ішіндегілердің қайсысы шылау, қайсысы
қосымша екенін, бірге не бөлек жазылатынын ажыратыңдар.
Сен жігерсіз (де), ақылсыз (да) бала емессің. Мойныңа алсаң, бәрі (де)
қолыңнан келеді. Оған мен сенемін. Бұдан былай маған көз жасыңды көрсе-
туші болма! Жалынып шыққан көз жасы жасықтықтың
белгісі... Жасықтық
(пен) әлсіздік жүрген жерде толқымалы тайғақ ойға (да) орын көп. Ағат кеттің
бе, жасырма, шыныңды айт! Сонда оңасың, кері кетпей, ілгері басасың, өзіңе
(де), достарыңа (да) пайда келтіресің... Иә, солай, маған мұң шағып жылама
(да), кешірім (де) сұрама, уәде (де) берме, қатеңдi iс (пен) жөнде! Жолдасың
(мен) табыс, мұғалімің айтқандай, кешірімді содан сұра! Міне, осыған келі-
сейік. Ал қазір төсегіңе бар (да) ұйықта!..
Есенбек сөз таластыруды, бір айтылған пікірді қайталауды қаламайтын.
Оның осы сырына баласы (да) қанық еді. Сондықтан еш нәрсе деместен,
Жарқын әке әмірін орындап, төсегіне қисайды (да), көп ұзамай-ақ ұйықтап
кетті.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.