1.
Мәтінді оқып, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар.
Айды бағындыру
Ерте кезден-ақ адамдар аспан әлемін зерттеуге құмар болды. Тек ХХ ғасырда
ғана ғылым мен техниканың дамуына байланысты ғарыш кеңістігіне шығуға
мүмкіндік туды. Бірінші ғарышқа ұшатын зымырандар құрастырылды. Ғалам-
шараралық зымыранның бірінші жобасын жасаған Константин Эдуардович
Циолковский болды. 1957 жылы 4 қазанда орбитаға Жердің тұңғыш жасанды
серігі Қазақстандағы «Байқоңыр» ғарыш алаңынан ұшырылды.
Адамды ғарышқа жіберу сәтті аяқталғаннан кейін ғарышкерлерді Айға
ұшыруға дайындық қолға алынды. Айдың бетіне бірінші болып 1969 жылы
америкалық ғарышкерлер – Нил Армстронг пен Эдвин Олдрин қонды.
Олар Айға «Аполлон-11» ғарыш кемесімен ұшып барды. Америкалықтар
үш жылдың ішінде тағы бес «Аполлонды» жіберді. Олар Айдың бетін суретке
түсіріп, Жерге ақпарат жіберіп отыратын құрал-жабдықты орнатты.
( «Менің алғашқы энциклопедиям» жинағынан)
1. Сендердің аспан әлеміне ұшқыларың келе ме?
2. Ол үшін қандай қадамдар жасау керек деп ойлайсыңдар?
3. Айда ғылыми-зерттеу бекеті салынуы мүмкін бе?​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.