1)объясните пожалуйста После завтра КОНТРОЛЬНАЯ!!!! что такое туйык етистик на русском и приведите пример ( на казахском) 2) что такое ундестик заны приведите пример. 3) что такое осы шак, откен, шак, ауыспалы шак приведите пример. 4) что такое етистиктин райлары
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
1. Тұйық етістік - етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс - әрекеттің атын білдіреді, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына - у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Тұйық етістік септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың іс - әрекеттің атын білдіретін етістік түрі тұйық етістік деп аталады. – у жұрнағы арқылы жасалады.
Бар - у, кел - у, көр - у
Ойна - у, сөйле - у, сана - у
Оқы - у = оқу, кемі – у = кему
Ақ - у = ағу, кеп - у = кебу, үк – у = үгу
Жай – у = жаю, жи – у = жию
Жу – у = жуу, қу – у = қуу
2. Үндестік заңы
Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен-бірі үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылып тұрады. Мысалы: балалар (балалер емес), үйлер (үйлар емес), ауылға (ауылге емес), көшеде (көшеда емес), т.б.
Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңғы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады: мектепте (мектепде емес), үйге (үйке емес), жазда (жазта емес), т.б.
3. Қазақ тілінде үш шақ бар: яғни, өткен шақ, осы шақ және ауыспалы шақ.
1. Өткен шақ
Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғанын білдіретін шак түрін өткен шақ дейміз. Қазақ тілінде өткен шақтың үш түрі бар. Олар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ.
1) Жедел өткен шақ - сөйлеп тұрған мезгілден аз уакыт бұрын болған, сол кезге жақын өткен істі білдіретін өткен шақ түрі.Мысалы: 1. Мен ауылга келдім. 2. Сен кітапханада болдың.
2) Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уакыттан көп бұрын өткенін білдіреді. Мысалы: Үйлерді қурылысшылар аудан жәрдемімен салған. Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары
1. -ып, -іп, -п жұрнақтары және жіктік жалғаумен: Гүлнұр бұны апасына да айтыпты.
2. -ған, -гең -қан, -кен жұрнақтары және жіктік жалғаулармен: Гүлнұр бұны апасына да айтқан.
3) Ауыспалы өткен шақ қимыл иесінің ертеден дағдыға айналған іс-әрекетін білдіреді. Мысалы: 1. Демалыс сайын кездесіп тұратын 2. Әжесі ертегіні дәмдеп айтушы еді
2. Осы шақ
Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде өтіп жатқанын білдіретін етістік шағының түрін осы шақ деп атайды.
Осы шақ жасалуы мен мағынасына қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп бөлінеді.
1) Нақ осы шақ деп қимылдың дәл сөйлеп тұрған кезге сәйкес келуін айтамыз.
Мысалы: Мен отырмын (жүрмін, тұрмын, жатырмын). Біз отырмыз (жүрміз, тұрмыз, жатырмыз)
Күрделі нақ осы шақта негізгі етістік -ып, -іп, -п жұрнақтарымен келіп, отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері көмекші етістік қызметінде жіктеліп жұмсалады.
Мен оқып жатырмын. Біз оқып жатырмыз.
3. Келер шақ
Келер шақ - сөйлеп тұрған кезден кейін болатын іс-қимылды білдіретін шақ түрі. Мысалы: 1. Кітапханага ертең барамыз. 2. Ауылға жол түссе бармақпыз. Келер шақ жасалуы мен мағынасына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ деп үшке бөлінеді.
1) Болжалды келер шақ іс-әрекеттің кейін болатын, болмайтынына болжам, жорамалды білдіреді. Мысалы: Апам бір ақылын табар.
2) Мақсатты келер шақта етістік арқылы іс-әрекеттің өту, болу мақсаты айтылады. Мысалы: 1. Оқуға баруға ниет етпекпін. 2. Кітапты бугін-ертеңдер бітірмекпін.
3) Шақтық мағына сөйлем ыңғайына қарай айқындалатын келер шақ түрі ауыспалы келер шақ деп аталады. Мысалы: Шығарманың қорытындысын ертең айтады.
4. Етістіктің райлары қимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай.
Ашық рай – қимыл әрекетінің орындалу не орындалмауы туралы обьектіні шындықты ашық аңғартатын етістіктің формалары.
Ашық рай формаларының шындыққа қатысының анықтығы шақты білдіруге тікелей байланысты. Мысалы: келдім, келе жатыр, келмекші деген “кел” етістігінің үш формасы өткен шақ, осы шақ , келер шақты аңғартатын формаларда тұрып, қимыл – әрекеттің орындалу мүмкіндігін анық білдіріп тұр. Мысалы: кетті, кетеді, кетеді-кетпейді.
Бұйрық рай етістігі бұйрықты, насихатты, тыйымды және т.б. білдіреді: Бұйрық рай бірнеші түрде болады: бұйрық, өтініш, қалау, рұқсат, сақтандыру, т.б. Жекеше түрдің 2-ші жағында етістік түбіріне сәйкес келеді: айт, оқы, қара, тазала.
Қимыл әрекеттің орындалу орындалмау шартын білдіретін етістіктің қай түрін шартты рай деп атайды.
Шартты рай формасы –са,-се жұрнақтары арқылы жасалады. Шартты рай негізінен, сабақтас, құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышы ретінде жұмсалып, екінші бір әрекеттің орындалу не орындалмау оның шартын білдіреді. Мысалы (ол жақсы оқыса, біздің де жүзіміз жарқын болар еді) Жұрт түсінсе, іс оңалды дей бер.
Сөйлеушінің ықлас тілегін білдіретін рай түрін әрекетті жүзеге асыруға бағытталатын ниетін, ынталығын, үміт – арманын қалау рай деп атайды.