September 2021 1 9 Report
1.оМәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Төрт түлік малдың бірі түйе- шөлге шыдамды, жүк артса- көлік, жесе –ет, ал жүні киімге жараған.Түйенің жүнінен шапан, жамылғы көрпелер жасаған, «аяқасты тастауға болмайды» деп төсеніш жасамаған. Түйенің шудасын қайнатып, емге пайдаланған, ал терісінен ер қаптаған. Сүтінен емге пайдаланған.Сүтінен шұбат, құрт, балқаймақ т.б жасаған.
Сиыр малын қазақтар көбінесе көшке де, егіске де пайдаланған.Сиырдың терісінен құдықтан су тартатын қауға ыдыс, қымыз ашытатын саба, сусын құятын торсық жасаған.Тезекті егіншілікте тыңайтқыш ретінде пайдаланған. Ал мүйізінен тарақ жасаған.
Қой мен ешкінің иленген терісін түрлі сырткиім мен аяқкиім тігуге пайдаланған.Қойдың жүнінен киіз басып, жіп иіріп, бау жасаған,кілем,текемет тоқыған.
Жылқыны көлік ретінде пайдаланған.Жылқының қымызын емге пайдаланған.Жылқының жал-құйрығынан арқан жіп еседі, етінен қазы-қарта ,жал-жая жасайды.

1.Түйенің қандай пайдасы бар?
________________________________________________________________________
2.Сиырдың терісінен не жасаған?
________________________________________________________________________
3.Қойдың жүнінен не жасаған?
________________________________________________________________________
4.Жылқының пайдасы қандай?
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.