1.Үстеу дегеніміз не?

А) Негізгі қимыл- амалды және негізгі қимылды айқындайтын, қосымша қимылды білдретін етістіктің түрі.

В) Заттың санын, мөлшерін , ретін білдіретін сөздер.

С) Заттың қимылын, іс- әрекетін, жай- күйін білдіріп, не істеді? не қылды? қайттті? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер.

D) Қимыл, іс- әрекеттің, сын- сапаның әр түрлі белгілерін , сипатын, жай- күйін білдіретін сөз табы.

E)Зат есімдерше түрленіп, қимылдың, іс – әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрі.

2.Күшейткіш үстеуді белгілеңіз.

A) Тым. B) Кеше. C) Әдейі. D) Қасақана E) Ертең.

3. Күрделі үстеуді көрсетіңіз.

А) Бүгін келдім. В) Кеше бардам. С) Әрең көтердім. Д) Балаша сайрады. Е) Шикілей әкелді.

4. «Қалай қарай?» қай үстеудің сұрағы?

А) мақсат В) мезгіл С) мекен Д) қимыл-сын Е) мөлшер

5. Мекен үстеуін табыңыз.

A) Ертең.B) Былтыр.C) Жоғары.D) Сонша E) Жедел.

6. Себеп- салдар үстеулері қандай сұрақтарға жауап береді?

А) қашан? қашаннан? қай уақыттан? В) қалай? қайтіп? қалайша? кімше?

С) неге? не себепті? қалай? Д) қандай? қалай? не мақсатпен?

E) не істеді? не қылды? қайттті?

7. «Тым, ең, кілең» үстеулері мағына жағынан қай үстеу түріне жатады?

А) мекен үстеуі В) мезгіл үстеуі С) күшейткіш үстеуі

Д) мақсат үстеуі Е) себеп-салдар үстеуі

8. Мезгіл үстеуді тап:

А) Бірқатар В)Былтыр С) Бекерге Д) Әдейі Е)Шапшаң

9. Мөлшер үстеулердің қатарын табыңыз.

А) әбден, тым, ең В) тысқары, ішкері,әрі С) кеше, кешке, кешкісін

Д) бекерге, босқа, амалсыздан Е) біраз, онша, қыруар, бірталай

10. «Әдейі, қасақана, жорта» сөздері қай үстеуге жатады?

А) мөлшер үстеу В)мақсат үстеу С) сын-қимыл үстеу

Д) мекен үстеу Е) себеп үстеу

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.