1.Сөздердің мағынасын зерттейтін тіл білімі саласын табыңыз.

А. морфология

Ә. синтаксис

Б. лексика

В. фонетика



2. Негізгі сөздік қорға жататын сөзді белгілеңіз.

А. жолайрық

Ә. жол

Б. жолсерік

В. жолшыбай



3.Омоним бола алатын сөзді көрсетіңіз: Балдырған жаз ортасында гүлдейді.

А. балдырған

Ә. жаз

Б. ортасында

В. гүлдейді



4. Тура мағыналы тіркесті табыңыз.

А. күміс күлкі

Ә. биік тау

Б. жібек мінез

В. көңілді жаз



5. Бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуын қалай атайды?

А. тура

Ә. ауыспалы

Б. көп мағыналы

В. синоним



6. Көп мағынаға ие болатын сөзді көрсетіңіз: Тастың күнгей бетіне отыра кеттім.

А. тастың

Ә. күнгей

Б. бетіне

В. отыра кеттім



7. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

А. Өңі қуарып, әлсіреп қалыпты.

Ә. Өкпесі өшіп,әлсіреген балапан ұша алмайды.

Б. Баланың даусы әлсіреп естілді.

В. Қазақ тілі әлсіреуге тиіс емес.



8. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А. матаның көзі бар

Ә. бұлақтың көзі

Б. көз көрім жер

В. көз – мүше



9.Сөздің негізгі мағынасын қалай атайды ?

А. тура

Ә. ауыспалы

Б. көп мағыналы

В. синоним



10.Дыбысталуы бірдей,мағынасы басқа сөздер қалай аталады?

А. синоним

Ә. омоним

Б. антоним

В. көп мағыналы



Помогите плиз даю баллы​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.