2-тапсырма Мәтінді оқыңыз. Синонимдік қатарларды орынды қолданып, көрікті жерге саяхат жасауға шақыру мақсатында жарнама жасаңыз (100-120 сөз). Көлсай көлдері «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 7 ақпандағы № 88 қаулысымен құрылды. Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі. Әлі де болса адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше табиғи орта кездеседі. Тапу өзендері, құздар, көлдер мен өзендер түрлі-түсті бояуларға боялған, бұталы өсімдіктер осы аумақтың тартымды және көріктілігін көрсетеді. Ауа райы жағдайы демалу және сауықтыру үшін ыңғайлы, оған сәйкес қысы жұмсак, ауасы таза, кыскы демалыс түрлері үшін қолайлы. Көлсай көлдеріне жаяу және атты маршруттармен, ал Қайынды көліне дейін автокөлікпен баруға болады. Сонымен қатар, сіздер гидтер мен экскурсовод-нұсқаушылардың қызметін пайдалана аласыздар. Ұлттық парк аумағы біркелкі массивтен құрылған Алматы облысының Талғар және Райымбек территориясында орналасқан. Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан: Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.