2-тапсырма.
Оқылым.Берілген мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Наурыз мейрамы - Ұлыстың ұлы күні
22 наурыз - бүкіл шығыс халықтарының мерекесі. Оны қазақ халқы ертеден тойлап келеді.
Ұлыстың ұлы күні дегенде «бүкіл аймақтың, барлық елдің қуанатын, тойлайтын күні» деген
мағына берген. Яғни, «сол елге ортақ ең қасиетті мейрам» дегенді білдіреді. Қазақ халқында бұл
мейрамды тойлау дәстүр. Ең алдымен, адамдар өз отбасыларында Наурызтаңын қарсы алады.
Бұл күні дастарқанға әртүрлі ұлттық тағамдар қойылады. Солардың ең бастысы - наурызкөже.
Одан барлық ауыл адамдары дәм татады.Ешкім қалыс қалмайды. Өзінен басқа адамдарға қанша
болса да дәм таратылуы қажет.Ол дәстүр болып саналады. Қазақ халқы бірнеше жүздеген жылдан
бері наурызтойын көңілді өткізеді. «Міне, көктем келді»,-деп жұрт кейбір адамдармен куанышты
көңіл-күйімен бөліседі.
a. Мәтіннен есімдіктерді көшіріп жаз, олардың түрін ажырат.
б. Мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.
Answers & Comments
Ответ:
Б. Дастархан қандай ұлттық тағамдарға толады?
Ұлыстың ұлы күні деген сөз қандай мағына берген?
Дастарханға қойылатын тағамның ең бастысы қандай?