2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Ауызекі стильде мәтін құрастырыңыз. (диалог)
Хоббидің пайдасы.
Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ән айтады, басқалары спортпен шұғылданады. Хоббидың пайдасы зор, бір жағынан бос уақытыңды тиімді пайдалансаң, екінші жағынан өзіңе ұнайтын іспен айналысып, жаның жай табады.
Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын. Өз басым спорт үйірмесіне күнде бармасам да, күнделікті таңертең жаттығу жасаймын. Таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын. Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.Қай спорт түрі болмасын үлкен табандылық пен төзімділікті талап етеді. Жеңіс оңай келмейтінін есте сақтауымыз керек. Тек қажырлы еңбек пен алға қойған мақсатқа ұмтылу арқылы биік белестерден көрініп, еңбегіміздің жемісін бағалай аламыз.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.