алғашқысы 2. Мәтінді тындап, тақырыбы мен көтерілген мәселені кестенің екінші бағанына жазыныз. Көне заманнан бері қазақтар әртүрлі жазу жүйесін пайдаланып келген. Олардын казакпен бірге басқа да түркі халықтарына ортақ болған руна жазуы. Осы жазу үлгісінде Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері сияқты көне түркі мұралары сақталган. V-XII ғасырларды қамтитын руна жазуы Орхон, Енисей, Талас өзендері бойынан табылып отыр. Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың өмір сүрген географиялык орындарын көрсетеді. VIII-IX ғасырларда казак даласына мұсылман дiнiнiн келуі араб жазуын ала келді. Араб графикасына негізделген жазу үлгісі 1929 жылға дейін сакталып келді. Яғни осы тұсқа дейін жазылған еңбектер араб жазуы негізінде хатка түсті. Оны Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім сияқты ұлы тұлғалар қолданды. XX ғасырдың басында А.Байтұрсынұлы араб жазуын қазақ тілінің заңдылықтарына орай бейімдеп, казақ әліпбиін жасады. Осы әліпби негізінде кітаптар жарық көрді, шәкірттер білім алды.